Төлеби ауданы Ленгер қаласы 1-шағынауданында «Өңірлерді дамыту -2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында, көпқабатты 8 тұрғын үй құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғимараттарға жер қазу жұмыстары басталғалы аудан басшысы Бұхарбай Парманов игі істің басы-қасында болып, жұмыстардың сапалы болуын жіті бақылауда.
Ленгер қаласынан бой көтеріп жатқан бес қабатты 8 үйдің әрбірі 60 пәтерден тұрады. Бүгінге дейін аталған баспаналардың мердігерлері мен инжинирингтік қызмет көрсетуші мекемелері анықталып, келісім-шарт жасау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, нысандар құрылысын бастау үшін облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан рұқсат қағаз алынды.
Айта кетейік, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы 2017 жылы аяқталып, қыркүйек айына қарай пайдалануға беріледі деп күтілуде.