• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Қазан, 2016

«Көне Тараздағы» көрікті кеш

310 рет
көрсетілді

Былтыр ғана Тараз тө­рінде дүбірлеп өткен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының  басты сыйлығы – «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығының ашылуы болған еді. Міне, көне қаланың көркіне ай­налған осынау орталық б­үгінде түрлі мерекелік іс-шаралардың нағыз ордасына айналды. Сондай  «Тәуелсіздік – тұ­ғырым, Қа­зақ хан­ды­ғы – ғұмырым» атты мә­де­ни-көпшілік іс-шара­сының басты мақсаты – Тәу­елсіздігіміздің 25 жыл­­дық мерейтойына жә­не Қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихына, өткеніне, дәстүріне, мә­дениетіне және мұрасына құрметпен қарауға арналып, өңір мәдениеті мен өне­рін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттап, ел тарихын таныту болды. Шараның салтанат­ты ашылуында 110 домбыра­шының қатысуымен  Құр­манғазы күй­лерін орындау­дан «Күй ше­руі» музы­калық флешмобы ұйым­­дастырылғаны бұл кеш­ке келушілерге ерекше күш-қуат, шабыт бергені анық. «Ға­жайып­тар ала­ңын­­да» облыс­тық орыс және қазақ драма театр­ларының әртістері фейс-арт ұйымдастырып, ертегі әлеміне саяхат жасалды. Сондай-ақ, облыс ар­хивтері қорынан жасақталған «Мұ­рағат – тарихи қазына» жә­дігерлер көрмесі ұсынылды. Ал қала тұрғындары арасында ұйым­дастырылған «Ән – көңілдің ажарында»  караоке ән айту сайысында көпшіліктің вокалдық дарыны бағаланды. Бұл күні көпшілік «Ақын­дар ауылында» өткен айтыс­ты тамашалап, асық атты, қазақша күреске жанкүйер болып, ашық аспан астындағы «Кино әлемі» алаңында «Қазақфильмнің» «Алтын қорындағы» үздік де­ректі, көркем фильмдерді көрді. Елбасының өмірі мен еңбек жолы туралы түсірілген қазір­гі кинематографтардың туындылары да ұсынылды. Облыстық тарихи-өлке­тану музейі «Саусағынан өнер тамған шеберлер» қолөнерші, суретшілер көрмесін ұйым­дастырып, Қазақстан Суретшілер ода­ғы мүше­лерінің туындылары қойылып, қылқалам ше­бер­­лері келушілердің пор­трет­терін салды. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы