• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
19 Қазан, 2016

Тур аясында тұрғын үй құрылысын бақылауға болады

344 рет
көрсетілді

Елімізде биыл «Өңірлерді дамытудың жол картасы-2020» бағдарламасы мен мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында отандық құрылыс компанияларының қолдауымен 326 мың шаршы метрді құрайтын жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Аталған бағдарламаның дем беруімен бірқатар тұрғын үйлер Түркістан қаласынан да бой көтеруде. Бүгінде бұл қа­лада жалпы алаңы 7,8 мың шар­шы метрді құрайтын 144 пәтерде қоныс той тойланады деп күтілуде. Оның тең жартысы екі бөлмелі болса (72 пә­тер), қалған жартысы бір жә­не үш бөлмелі пәтерлер (36 пәтер­ден). Қазіргі кезде айналым жол­дың бойында орналасқан тұр­ғын үй алаңқайында құрылыс жұмыс­тары қызу жүріп жатыр. – Ерекше атап өткіміз келетіні, құрылысқа пайдаланылатын материалдардың барлығы дерлік Қазақстанда шығарылған отандық өнімдер. Мысалы, цементтен бас­тап, есік блоктары, сырлау, жылыту  материалдары мен бетон, газоблок, полиэтилен құбырлар, терезе және ПВХ витраждары,  құрғақ, асфальт-бетонды қоспалар, темір-бетон өнімдері сынды материалдардың барлығы да өз елімізде жасалған. Ал енді пәтерлердің тапсырылу мерзіміне келсек, шаттыққа толы ондай күн Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келеді деп жоспарланған, – дейді «Отау-Строй» кәсіпорны бас инженері Абжат Акимов. Республика көлемінде тұр­ғын үй құрылысының қарқынды жүруіне мұрындық болып келе жатқан «Бәйтерек» хол­дин­гінің еншілес ұйымы – «Қа­­зақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы бағдарламаның маңыздылығы мен әлеуметтік сипатын ескере отырып, барлық қажетті іс-шараларды қабылдауда. Осы мақсатта ағымдағы жылы компания бағдарлама аясында бөлінетін нысандар бойынша арнайы турлар өткізуде. Осындай жобалар арқылы республика азаматтары бағдарламаны іске асыру барысы мен құрылыс жұмыстарына, алдағы уақытта бағдарламаға қатысушылар тұратын тұрғын үй сапасының сақталуына тікелей бақылау жүргізе алады. Сондай-ақ, «Қазақстан Ипо­те­калық Компаниясы» ипотекалық ұйымы аталған бағдарлама аясында Шымкентте жалпы алаңы 54,7 мың шаршы метр болатын 900 пәтерлік тұрғын үй құрылысын жүргізуде. Сонымен қатар, осы күндері мемлекеттік-жекеменшіктік се­ріктестіктер арқылы Астана қаласында да 538 пәтерлі тұрғын үй бой көтеруде. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»