• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Қазан, 2016

Күн тәртібінде – көкейкесті мәселе

341 рет
көрсетілді

Сенатта Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы Дариға Назарбаеваның төрайымдық етуімен болған кездесуде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. ҰҚК антитеррористік орталық штабы бастығының бірінші орын­басары Сергей Швейкин парла­ментшілерге Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қи­мыл жөніндегі 2013-2017 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағ­- дар­ламаны іске асыру барысы тура­лы ақпаратпен таныстырды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төра­ға­сының орынбасары Марат Қал­қа­баев, Мәжіліс депутаттары Мәу­лен Әшім­баев пен Жанат Жара­сов шараға қатысушыларды заңнамаға экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәсе­лелері жө­ніндегі өзгерістер мен толық­­тыру­лар енгізу туралы заң жоба­сы­­ның тұ­жы­­рым­дамасымен және заң шы­ғару жұмыс­тары барысында құжатқа енгізіл­ген негізгі толықтыруларды таныстырды. Талқылауға сенаторлар Нұртай Әбі­­қаев, Бірғаным Әйтімова, Ләз­зат Қиы­нов, Серік Жақсыбеков, мем­­­ле­кеттік ор­ган­дардың өкілдері, сарапшылар қатысты.