• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Қазан, 2016

Ақмола облысында адасып қалған австралиялық саяхатшы құтқарылды

240 рет
көрсетілді

22 жастағы австралиялық Виллиам Тимоти Бёрнның мотоциклі Ақмола облысының жайлауында сынып қалды. Жаңбыр жауып, саяхатшы суық салдарынан бақилық бола жаздады, деп хабарлайды «Егемен-ақпарат» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлағандай, 2016 жылы 17 қазанда 12 сағат 38 минутта Жақсы ауданы Жақсы ауылының  №13 өрт сөндіру бөліміне белгісіз азамат  Новокиенка ауылының жанында шетел азаматының  мотоциклі сынып, оған көмек керек екенін хабарлаған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар бойынша аудандық бөлім мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шықты. «Оқиға орнына жеткенде мотоцикл табылды. Оның иесі 1994 жылы туған Австралия азаматы (саяхатшы) Виллиам Тимоти Бёрн. Ол Астанаға бара жатқан, алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты адасып, мотоциклі сынған», - делінген хабарламада. «Луч» шаруа қожалығының басшысы Дычок Бёрн мен оның мотоциклін Жақсы ауылының  №13 өрт сөндіру бөліміне жеткізді. Виллиам Тимоти Бёрнды тамақтандырып, киіндіріп, бөлімде түнеп шығуға қалдырды. Сонымен қатар №13 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушілері шетелдіктің мотоциклін жөндеді. 18 қазанда саяхатшы Астанаға сапарын жалғастырды.