• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
19 Қазан, 2016

Шымкентте жылу жылдағыдан ерте берілді

323 рет
көрсетілді

Биыл жылу жылдағыдан ерте беріле бастады, оған ауа райының кенет суытуы себеп болды. Бұған дейін әлеуметтік нысандардағы жеке қазандықтар іске қосылсын деген өкім шығарған Шымкент қаласының басшысы 18 қазан күні сағатына 160 гигаколория жылу өндіретін қазандықтарды іске қосуға тапсырма берді, деп хабарлайды otyrar.kz. Қала әкімінің 14 қазандағы үкіміне сай қаладағы 331 әлеуметік нысан толығымен жеке қазандықтарын іске қосқан, оның 121-сі - білім мекемесі. Тұрлан елдімекеніндегі №54 қазандық іске қосылса, тағы бір мектеп пен екі балабақшаға жылу берілді. Сондай-ақ, Нұрсәт шағынауданындағы сағатына 160 гигаколория жылу өндіретін қазандықтан әкімшілік-іскерлік орталығындағы 32 көп қабатты үйдің 24-і жылуға қосылды. Бұдан бөлек, Спорт шағынауданындағы - №24, Қатын көпір елдімекеніндегі №49 және Теріскей шағынауданындағы №3 қазандықты да іске қосу жоспары бар. Шымкенттегі орталық жүйеден жылу алатын 1 400-ден астам көп қабатты үй тұрғындарына жылу 25 қазанан кейін ғана беріле бастайды. Бұл жайында қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгіннен бастап өздері жылу өндіруге мүмкіндігі бар шағын қазандықтарды іске қосу басталды. Бұл қазандықтардан 350 көп қабатты үй жылу алатын болады. Ал 3-энергоорталықтан жылынатындар күте тұруы керек. Бүгінгі таңда аталмыш энергоорталық жұмыс жасауға кірісті. Енді жүйелерді сумен толтыру жұмыстары бар.