• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Қазан, 2016

Қарағанды облысында 15 тұрғын құлағалы тұрған үйден көшпей отыр

469 рет
көрсетілді

Қарағанды облысындағы Шет ауданына қарасты Ақжал ауылындағы көпқабатты үйлердің бірі құлағалы тұр. Қазіргі уақытта мұнда тұрып жатқан 303 адам басқа жаққа көшірілген. «Сақтықта қорлық жоқ» деген, үйдің айналасы қоршалып, күзет те қойылыпты. Ақауы бар бұл үй 1980 жылы салынған екен. Биылғы  жылдың 6 қыркүйегінде Шет ауданы әкімінің қаулысымен ведомствоаралық комиссия құрылып, үйдің апатты жағдайда тұрғаны анықталыпты. Ал бір аптадан кейін үйге қатысты төтенше жағдай жарияланған. Сол күннен бастап аудан әкімшілігі тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізіп, ақаулы үйдегі 69 пәтердің 288 тұрғынын басқа жаққа көшірген. Олардың бір бөлігі (15 отбасы) бұрынғы дәрігерлік амбулаторияға қоныстандырылыпты. Апаттың алдын алу үшін үйдің қабырғаларындағы жарықшақтарды бекітіп, жертөлесін судан тазартып, құрғату керек. Сондай-ақ шатыр да тозып кеткен: күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді. Басқа да майда-шүйде жұмыстары жетерлік. Өкінішке қарай, үйдің құлағалы тұрғаны туралы ескертулерді елемеген төрт пәтердің 15-ке тарта тұрғыны мекендерін  босатқылары келмей отыр. Бүгінгі күнде бұл адамдарға уақытша баспана беру мәселесі талқылану үстінде. Жергілікті билік өкілдері апатты жағдайда тұрған үйді әлі  су мен жылудан ажыратқан жоқ. Қарағанды облысының басшылығы қазіргі уақытта Ақжалдағы апатты үйді қалпына келтірудің жолдарын қарастыруда. Ал сметалық құжаттарға сәйкес, жөндеу жұмыстарына аз да емес, көп те емес, шамамен 100 миллион теңге қаражат қажет екен.   Қайрат ӘБІЛДИНОВ, Қарағанды облысы,