• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
19 Қазан, 2016

Мәскеуде Байқоңырды дамыту мәселесі талқыланды

322 рет
көрсетілді

ЕЭК Кеңесінің жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Мәскеуде РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді деп хабарлайды Премьер-министрдің ресми сайты. Тараптар екі ел арасындағы ғарыштық және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастықтың даму келешегі мен қазіргі жағдайын қарастырды. Бұдан өзге, «Байқоңыр» кешеніндегі әрі қарайғы ынтымақтастық жөніндегі қол қоюға әзірленіп жатқан құжаттар бойынша нақты сұрақтар талқыланды: «Байқоңыр» кешеніндегі ынтымақтастықты жалғастыру Тұжырымдамасын дайындау туралы, Байқоңыр қаласының статусы туралы мемлекетаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы және т.б. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастардағы барлық спектр бойынша ынтымақтастықты әрі қарай нығайтудың қажеттігі туралы ниеттерін білдірді.