Маңғыстау облысында балабақшаға қатысты тараған алаңдатарлық ақпараттан кейін полиция тексеру жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған бейнежазба бойынша тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде 6 жастағы бала аталған балабақшаның тәрбиеленушісі емес екені белгілі болды. Ол сол жерде жұмыс істейтін анасының қасында болған.
Балабақша мен колледждерде дау-дамайды реттейтін медиация қызметтері құрылады
Осы жағдайға байланысты әйелге бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.
Полицияның хабарлауынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Сонымен қатар құзырлы органдарға балабақша қызметін тексеру туралы ұсыныс жолданды.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы балабақшалардың бірінде қауіпсіздікке қатысты дау туындаған еді. Әлеуметтік желіде ата-аналардың бірі балалардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп, бір баланың өзге балаларға агрессивті әрекет көрсеткенін жазған.