• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
19 Қазан, 2016

Егінге түскен қараусыз мал иелеріне ықпал ету мәселесі қозғалды

445 рет
көрсетілді

Автокөлік жолдары мен егінге түскен бағусыз мал иелеріне тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Кәрібай Мұсырман осы мәселені көтерді, деп хабарлайды Егемен-ақпарат. «Менің депутаттық сауалым ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов пен ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мырзаларға арналады. Ауылдық жерлерде бағусыз бос жүретін малдардың көшелерді ластап, жасыл желекті басып, жаншып, отап, сондай-ақ қоршауларды қиратып жұртшылықтың ренішін туғызуы және өсіп тұрған егінге түсіп, шаруаларды шырылдатуы әлі де тыйылмай келеді. Шаруалар өз егістерін қорғау үшін жаз бойы бірнеше күзетші ұстап, қосымша шығындауға мәжбүр. Қараусыз малдар қараңғы түнде ауылдардың маңынан өтетін автомобиль жолдарына шығып кетіп, зардаптар алуға және жол-көлік оқиғаларына да себепші болып жүргендері де жасырын емес. Алайда, қарапайым ауыл тұрғындары түгіл, кейбір аудандық мәслихаттардың хатшылары, ауылдық округтердің әкімдері мен учаскелік инспекторлардың өздері де егінді бүлдірге бағусыз мал иелеріне әкімшілік ықпал ету шаралары барын білмей шықты», - деді Кәрібай Мұсырман. Оның атап өтуінше, қолданыстағы заңнамада көшелерді өсіп тұрған жасыл желекті жойып, гүлзарлар мен қоршауларды бүлдірген мал иелеріне әкімшілік ықпал ету шаралары қарастырылмаған болып шықты. «Сондықтан жергілікті атқарушы органдарға тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жөнді тапсырма беруді және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті толықтырулар енгізуді сұраймыз»,-деді депутат.