Қазанның 28-30 аралығында БАӘ астанасы Әбу-Дабиде дзюдодан «Grand Slam» турнирі өтеді. 34 елден 191 спортшы бақ сынайтын дүбірлі додаға Қазақстан намысын 10 дзюдошы қорғайтын болады. Қазақстан қыздар құрамасынан Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрах қатысатын болса, ерлер құрамасынан 9 спортшымыз белдеспек. Олар:
1) Мағжан Шамшидин (60 кг)
2) Азамат Мұқанов (66 кг)
3) Асхат Тельманов (66 кг)
4) Дидар Хамза (73 кг)
5) Арман Махамбетов (81кг)
6) Әділет Миссин (81 кг)
7) Дәулетхан Жақыпов (90кг)
8) Айбек Серікбаев -100 кг)
9) Айтуар Абдулов (+100 кг)