(Республикалық сайлауға қатысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарының бірі болуы қажет (төлқұжат немесе жеке куәлік).
Сонымен қатар, азаматтарға жеке куәлігі жоғалған, қолданысқа жарамсыз болған жағдайларда және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарға олардың өтініші бойынша жеке басын куәландыратын жаңа құжаттар алғанға дейін әділет органдарымен тұрғылықты жері бойынша (тіркеу) уақытша жеке куәлік берілетінін хабарлаймыз.
Уақытша жеке куәлік Қазақстан Республикасының аумағында жарамды және сайлауға қатысу үшін қолдануға болады.
Осыған орай, жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты сайлауға дейін, жеке басты куәландыратын құжаттар болмаған және олар дайындалмаған жағдайда, сіз әділет басқармасының тұрғылықты жеріңіз бойынша (тіркеу) аумақтық халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімдеріне жүгініп, уақытша жеке куәлік алу үшін келесі құжаттарыңызды ұсынуға құқылысыз:
– аумақтық әділет басқармасы басшысының атына өтініш;
– тұрақты тіркеуді растайтын азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекен-жай бюросының анықтамасы;
– жеке басты куәландыратын құжат үшін айлық есептік көрсеткіштің 20% көлемінде мемлекеттік баж төлемі төленгені туралы түбіртек;
3,5 х4,5 см көлеміндегі 1 фотосурет, деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі. Тел./факс: 74-06-01, веб-сайт: http://www.minjust.kz, электрондық мекен-жайы: press@minjust.kz