• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2016

Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасына баға берді

449 рет
көрсетілді

Халықаралық валюта қорының болжауынша, 2020 жылға дейін әлемдік мұнайдың бір баррелі 56 АҚШ долларына жетуі мүмкін. Ал келесі жылы 51 доллар болады. Бұл болжамды Халықаралық валюта қорының Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері департаменті директорының орынбасары Юха Кяхконен "Хабар" тілшілеріне берген сұхбатында айтты. Шетелдік сарапшы: «Ұлттық банктің айырбас бағамына қатысты ұстанған саясаты дұрыс»,– дейді. Бұл шешім теңгенің бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді.  Сонымен бірге «Нұрлы жол» және «100 нақты қадам» бағдарламалары дер кезінде қабылданып, нәтиже беруде. «Бағдарлама жүктеген міндеттерді іске асыру арқылы алдағы уақытта қаржы жүйесі де нығаяды. Сондай-ақ Қашаған кен орнын игеру экономиканың жақсаруына ықпал етеді»,– деді Халықаралық валюта қорының өкілі. Юха Кяхконен, Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті директорының орынбасары: - Қазіргі мұнайдың  бағасы көңіл көншітпей отыр. Бұл үрдіс алдағы екі жылға созылуы ықтимал. Мен мұнай бағасы бойынша бюджетті есептеудегі күрделі мәселені көріп тұрған жоқпын. Бағаның  өсуіне орай бюджет көлемінің  ұлғайғаны жақсы, әрине. Бірақ бұл мәселеде бюджетті нақты әрі шынайы жоспарлау маңызды.