• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2016

Ақтөбеде жүзуден ел кубогы жолындағы жарыс басталды

279 рет
көрсетілді

Жүзу спортынан Қазақстан Республикасы кубогы жолындағы жарыстың салтанатты ашылуына өңір басшысы Бердібек Сапарбаев, Рио-де Жанейрода өткен Олимпиада және Паралимпияда ойындарында жүзу спортынан алтыннан алқа таққан Дмитрий Баландин мен Зульфия Ғабидуллина қатысты. -Сіздердің жеңістеріңіз жас ұрпақты спорттың осы түрімен айналысуға жетелей түседі. Сондықтан жастарымызға мұндай биіктерді бағындыру үшін талап пен еңбек керек дер едім. Мұның өзі талаптанса, жігерленсе, алынбайтын қамал жоқ екенінің тағы бір айқын дәлелі болмақ. Ал талапты жасты қолдауға әрқашан әзірміз,-деді Бердібек Мәшбекұлы. Жарысқа Алматы және Астана қалаларынан, еліміздің барлық аймақтарынан 220 және Ресейден бес спортшы қатысуда. Сатыбалды СӘУІРБАЙ,«Егемен Қазақстан», Ақтөбе облысы. Фото: Хайреден Раушанов.