• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2011

Еуропа елдерімен ықпалдастық үшін

485 рет
көрсетілді

Кеше Брюссельде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын ұйымдастыру жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы, Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев ЕО-дағы дипломатиялық қызметтің өзекті мәселелерін және еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту мәселелерін талқылау мақсатында Еуропа елдеріндегі қазақстандық елшілермен жалпылама кеңес өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Қ.Саудабаев өз сөзінде Президент Н.Назарбаевтың Жолдауына сәйкес, Қазақстан еуропалық бағыттағы сыртқы саяси басымдылықтарын анықтап берді, деді. Еуроодақ елдерімен қарым-қатынас шеңберінде экономикалық мазмұнның нығаюы, соның ішінде еуропалық инвестициялар мен технологияларды мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына және Елбасының бастамасымен қабылданған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасына тарту маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, Жолдауда айтылған «Қазақстан – ЕО-2020» Энергетикалық хартиясын жасап шығару туралы ұсынысты жүзеге асыру маңыздылығы да аталды. Қазіргі кезде Еуропалық Одақпен қарым-қатынасты сапалы жаңа деңгейге шығаруға барлық алғышарттар бар, деп атап өтті өз сөзінде Қ.Саудабаев. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес және Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуге орай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Бельгия, Нидерланды, Австрия, Польша, Швейцария және т.б. елдердегі Қазақстанның елшілеріне Еуропамен кең көлемді ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға бағытталған күш-жігерді белсенділендіруге нақты тапсырмалар берілді.