2015 жылғы 31 наурыз, Астана қаласы
Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 15-2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптар белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
______________ Е.Досаев
2015 жылғы 9 маусым
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыз №401 бұйрығымен белгіленген
Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының
энергия тиімділігі жөніндегі талаптар
1. Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 15-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) құрылыс бұйымы - өнеркәсіптік тәсілмен шығарылған және құрылыс конструкциясының немесе басқа құрылыс бұйымының элементі ретінде қолдануға арналған құрылыс өнімі;
2) құрылыс конструкциясы - құрылыс материалдарынан және/немесе құрылыс бұйымдарынан жасалған, құрылыс объектісінің тұрақты элементі;
3) құрылыс материалы - құрылыс бұйымдары және/немесе құрылыс конструкцияларын дайындауға арналған табиғи пайда болған немесе өнеркәсіптік тәсілмен өндірілген құрылыс өнімі.
3. Осы Талаптар тұрғындық, қоғамдық, әлеуметтік және арнайы ғимараттарды салу, күрделі жөндеу, реконструкциялау және пайдалану кезінде қолданылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары үшін қолданылады.
4. Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары адамдарға қолайлы жағдайды өзгертпей үйлер және ғимараттардағы энергетикалық ресурстардың тиімді тұтынылуын қамтамасыз етеді.
5. Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының осы Талаптарға сәйкестігін растау «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабына сәйкес айқындалады.
6. Осы Талаптар мынадай құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары тобына қолданылады:
терезе конструкциялары;
балкон есіктері мен шамдары;
жылу оқшаулағыш материалдары мен бұйымдары.
7. Терезелер конструкцияларының, балкон есіктерінің және шамдардың келтірілген жылу беру кедергісінің көрсеткіші осы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес көрсеткіштерден төмен еместі құрайды.
8. Жылу оқшаулағыш материалдардың жылу техникалық көрсеткіштері жөніндегі талаптар осы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес көрсеткіштерден төмен еместі құрайды.
9. Талаптар мынадай үйлер және ғимараттарды салу, күрделі жөндеу және реконструкциялау және пайдалану кезінде пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларына таралмайды:
1) тарихи-мәдени мұра объектілеріне жататын үйлер, құрылыстар, ғимараттар;
2) қолдану мерзімі екі жылдан аспайтын шаруашылық мақсатындағы уақытша құрылыстар, қосалқы үй-жайлар;
3) жалпы ауданы 50 шаршы метр жеке тұрған үйлер, құрылыстар, ғимараттар.
4) мәдени үйлер, құрылыстар және ғимараттар
5) бөлек тұрған жылытылмайтын үйлер, құрылыстар, ғимараттар;
6) жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ саяжай және бақша учаскелерінде тұрған құрылыстар.
Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының
энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға 1-қосымша
Терезелер құрастырылымдарының, балкон есіктерінің және
шамдардың берілген жылу беру кедергісінің көрсеткіші
Жарық ойығын толтыру Берілген жылу берілу кедергісі Ro, м2*°С/Вт
ағаш немесе ПВХ байланысы алюминий жақтауында
Қосарланып жақтауланған қосарлы шынылау 0,40 -
Бөлек жақтауланған қосарлы шынылау 0,44 0,34*
Көлемі мынадай кедекті шыны блоктар: (жіктерінің ені 6 мм)
194х194х98
244х244х98 0,31 (қаптамасыз)
0,33 (қаптамасыз)
Қорапша қимасындағы профиль шыны 0,31 (қаптамасыз)
Зенитті шамдар үшін органикалық шыныдан жасалған қабатты 0,36 —
Зенитті шамдар үшін органикалық шыныдан жасалған үш қабатты 0,52 —
Бөлек қосарланып жақтауланған үш қабатты шынылау 0,55 0,46
Бір камералы шынылы пакет:
- жай шыныдан
- қатты селективті қаптамасы бар шыны
- жұмсақ селективті қаптамасы бар шыны
0,38
0,51
0,56
0,34
0,43
0,47
Екі камералы шынылы пакет:
- жай шыныдан (шыны арақашықтығы 6 мм)
- жай шыныдан (шыны арақашықтығы 12 мм)
- қатты селективті қаптамасы бар шыны
- жұмсақ селективті қаптамасы бар шыны
- қатты селективті қаптамасы бар және аргон толтырылған шыны
0,51
0,54
0,58
0,68
0,65
0,43
0,45
0,48
0,52
0,53
Жай шыны және жақтаулардағы бір камералы шынылы пакет:
- жай шыныдан
- қатты селективті қаптамасы бар шыны
- жұмсақ селективті қаптамасы бар шыны
- қатты селективті қаптамасы бар және аргон толтырылған шыны
0,56
0,65
0,72
0,69
-
-
-
-
Жай шыны және жақтаулардағы екі камералы шынылы пакет:
- жай шыныдан
- қатты селективті қаптамасы бар шыны
- жұмсақ селективті қаптамасы бар шыны
- қатты селективті қаптамасы бар және аргон толтырылған шыны
0,68
0,74
0,81
0,82
-
-
-
-
Қосарланған жақтаулардағы екі бір камералы шынылы пакет 0,70 -
Бөлек жақтаулардағы екі бір камералы шынылы пакет 0,74 -
Қосарланған екі жақтаулардағы төрт қабатты шыны 0,80 -
* стальды жақтауында
Ескертпелер:
1. Жұмсақ селективті қаптамасы бар шыныларға жылу эмиссиясы 0,15 төмен ал қаттыға - 0,15 жоғары қаптамалар жатады.
2. Шынылау ауданының жарық ойығын толтыру ауданына қатынасы кезінде толтыру 0,75 тең болып табылатын жағдайлар үшін жарық ойықтарын толтыру жылу берілісінің берілген кедергілерінің мәндері.
кестеде көрсетілген жылу берілісінің берілген кедергілерінің мәндерін осындай мәндердің констукцияның стандарттарында немесе техникалық жағдайларында болмаған немесе зерттеулер нәтижесімен расталмаған жағдайда есептеу ретінде қолдануға рұқсат беріледі.
3. Ғимараттар терезелерінің құрыстырлымдық элементтерінің ішкі бетінің температурасы сырттағы ауданың есептен температурасы кезінде 3°C төмен болмауы тиіс. (өндірістіктерді қоспағанда)
Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының
энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға 2-қосымша
Жылу оқшаулағыш материалдардың жылу техникалық көрсеткіштері
Материал Материалдың құрғақ күйіндегі сипаттамалары
тығыздығы
gп, кг/м3 меншікті жылу сыйымдылығы
со, кДж/(кгх°С) жылу өткізгіштік коэффициенті lо,
Вт/(м ×°С)
1 2 3 4
А. Минерал мақта және шыны талшықты
тігілген минерал мақта (МЕМСТ 21880-94 *) және синтетикалық байланыстырылған төсегіштер (МЕМСТ 9573–96)
125
0,84
0,056
75 0,84 0,052
50 0,84 0,048
Жұмсақ, жартылай қатты және қатты синтетикалық және битумды байланыстырылған мақта плиталар минерал, (МЕМСТ 9573–96, МЕМСТ 10140–80)
350
0,84
0,091
300 0,84 0,084
200 0,84 0,070
100 0,84 0,056
50 0,84 0,048
Органфосфатты байланыстырылған қаттылығы жоғары минерал мақта плиталар
200
0,84
0,064
Крахмалды байланыстырылған
Жартылай қатты минерал мақта плиталар
200
0,84
0,07
125 0,84 0,056
Синтетикалық байланыстырылған қатқабат шыны талшықтан жасалған плиталар (МЕМСТ 10499–95)
50
0,84
0,056
Шыны талшықтытар мен жолақтар
150
0,84
0,061
Б. Полимерлі
Көбіктіполистирол 150 1,34 0,05
100 1,34 0,041
Көбіктіполистирол
(МЕМСТ 15588–86)
40
1,34
0,038
Көбіктіпласт ПХВ–1 125 1,26 0,052
100
және кем 1,26 0,041
Көбіктіполиуретан 80 1,47 0,041
60 1,47 0,035
40 1,47 0,029
Формальдегидті көбікинемді заттан жасалған плиталар (МЕМСТ 20916–87)
100
1,68
0,047
75 1,68 0,043
50 1,68 0,041
40 1,68 0,038
Перлитті қатпарлы бетон 200 1,05 0,041
100 1,05 0,035
Керамзитті малтатас (ҚР СТ 948-92) 800 0,84 0,18
600 0,84 0,14
400 0,84 0,12
300 0,84 0,108
200 0,84 0,099
Шунгизитті малтатас
(ҚР СТ 948-92) 800 0,84 0,16
600 0,84 0,13
400 0,84 0,11
Доменді қождан (МЕМСТ 5578–94**), қожды пемзадан (ҚР СТ 948-92) аглопориттен жасалған қиыршық тас (МЕМСТ 9757-90) 800 0,84 0,18
600 0,84 0,15
400 0,84 1,122
Кепкен перлиттен дайындалған қиыршық тас және құм (МЕМСТ 10832–91*) 600 0,84 0,11
400 0,84 0,076
200 0,84 0,064
Кепкен вермикулит
(МЕМСТ 12865–67) 200 0,84 0,076
100 0,84 0,064
Құрылыс жұмыстарына арналған құм (МЕМСТ 8736–93*) 1600 0,84 0,35
Көбікті шыны немесе газды шыны 400 0,84 0,11
300 0,84 0,09
200 0,84 0,07
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 14 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11666 болып енгізілді.