• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №531

241 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 30 маусым, Астана қаласы «Жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31наурыздағы № 398 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру кағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 398 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11519 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және олардың өзгеруін уақтылы анықтау, келеңсіз үдерістер зардаптарын бағалау, олардың алдын алу және жою үшін жер қойнауының жай-күйін бақылау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау жүйесін білдіреді.». 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті (Т.С. Тоқтабаев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электронды түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік бес жұмы күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж.ҚАСЫМБЕК «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі __________ Қ. Бозымбаев 2016 жылғы «___»_________ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ____________ Қ. Бишімбаев 2016 жылғы «___»_________ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі _________________ А. Мырзахметов 2016 жылғы 20 шілде Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 23 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14132 болып енгізілді.