• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №485 

295 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 24 сәуір,Астана қаласы Орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдерін бекіту туралы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-14) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша есеп беру нысаны және ұсыну мерзімдері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов): 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ. «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Білім және ғылым министрі Денсаулық сақтау және ____________ А.МАМЫТБЕКОВ _____________ А.СӘРІНЖІПОВ әлеуметтік даму министрі 2015 жылғы 17 тамыз 2015 жылғы 18 маусым ________________ Т.ДҮЙСЕНОВА 2015 жылғы 8 тамыз «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Қорғаныс министрі Мәдениет және спорт министрі ________________ Б.СҰЛТАНОВ _________ И.ТАСМАҒАМБЕТОВ ___________ А.МҰХАМЕДИҰЛЫ 2015 жылғы 18 мамыр 2015 жылғы 7 қыркүйек 2015 жылғы 5 қазан «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қазақтан Республикасының Сыртқы істер министрі Ұлттық экономика министрі ________________ Е.ЫДЫРЫСОВ ________________ Е.ДОСАЕВ 2015 жылғы 11 қыркүйек 2015 жылғы 27 мамыр «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақтан Республикасының Қазақтан Республикасының Ішкі істері министрі Энергетика министрі ________________ Қ.ҚАСЫМОВ ________________ В.ШКОЛЬНИК 2015 жылғы 30 қыркүйек 2015 жылғы 9 маусым Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №485 бұйрығымен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы орталық атқарушы органдардың мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысаны және оларды ұсыну мерзімдері 1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі орталық атқарушы органдардың есептерді ұсыну нысаны: № Іс-шараның атауы Іс-шараны өткізу мерзімі Іс-шараның нәтижесі Қаржылық шығындар Іс-шараны өткізу кезеңділігі Қатысқан ұйымдар Ескертпе 1 2 3 4 5 6 7 8 2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерді орталық атқарушы органдардың ұсыну мерзімдері: Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органға есеп беруден кейінгі жылдың 25 қаңтарына орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша есептер ұсынады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 10 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12264 болып енгізілді.