Еуропаның бірнеше елі өздерінің жаңа клубтық чемпионатын ұйымдастыру жөнінде шешім жасасты. Жаңа чемпионат ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа Бельгия, Голландия, Швеция, Шотландия және Норвегия елдері кірісіп кетті.
Жаңа лига УЕФА-дан бөлек әрекет ететін болады. Бұған қосылатын клубтардың ешқайсысы өз елдерінің біріншіліктеріне қатыспайды. Әзірге жаңа доп додасына «Андерлехт», «Селтик», «Аякс», ПСВ, «Русенборг», «Мальме» және «Брюгге» секілді командалардың қатысатыны белгілі болып отыр.
Сол сияқты бұл командалар осы чемпионаттан табылар болса, УЕФА шеңберінде өтетін турнирлерге қатыса алмайды.
«Егемен-ақпарат»