• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2016

Тұрғын үй қатынастары талқыланады

308 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда пәтер иелері үшін энергия үнемдеу мен заманауи инновациялық технологияларды күнделікті қолданысқа енгізудің маңызы зор. ЭКСПО-2017 көрмесін елімізде өткізудегі мақсаттың бірі осы екені белгілі. Елбасы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасында оны жүзеге асыру тетіктері жан-жақты көрсетілген. Осыған орай, Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бастамасымен «Тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығын басқарудың тиімді әдістерін қол­дану, инновация мен энергия үнемдеу технологияларын енгізу негізінде дамыту» атты аймақтық конференциялар өтпек. Қазан айының 28-і күні Астанада, ал 4 қарашада Ақтөбе қаласында өтетін алқалы жиынға қала және облыс басшылары, сонымен қатар, тұрғын үй инспекцияларының, ПИК қауымдастықтарының, халықаралық жобалардың, ғылыми және білім беру мекемелерінің жетекшілері мен мамандары қаты­сады деп күтілуде. Қатысушылар Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы орындалуының барысы жайында, тұрғын үй қатынастарын дамыту, көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мен ұйым­дастыруды оңтайландыру, бас­қарушы және қызмет көрсетуші компаниялардың  қызметі туралы бірқатар мәселелерді талқылап, пайымды пікірлерімен бөліседі. Аймақтық конференциялардың жұмысына қатысуға мүдделі ком­паниялар аталған шараның ұйымдастырушысы – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақ­стандық орталығына хабарласа алады. Нұрлыбек Досыбай, «Егемен Қазақстан»