• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2016

Төрт басылымды төрге шығарған

490 рет
көрсетілді

Ай сайын бір нөмірді бір нөмірге жалғап, салалық басылымдардың қатарын толықтырып, журналдарын тоқтаусыз шығарып келе жатқан журналист Гүлжанат Құстанова жақында Алматыда өз ісінің 10 жыл­дығын атап өтті. «Мектептегі психология. Психология в школе», «Білім кілті – Ключ знаний», «Педа­гог», «Мектептегі мерекелер» секілді төрт бірдей журналды шығарып отырған бас редактор Гүлжанат Құстанова­ның еңбегін жанкештілік деп бағаласақ та артық емес. Осы айда журналдың 100-нөмірін жарыққа шығарған Гүл­жа­нат Шаймерденқызы он жыл бойғы қиын да жауапты еңбегіне есеп беріп, нәсіп болып отырған кәсібі­нің қуанышын ұстаздар қауымымен, өзіне демеу, сүйеніш болып келе жатқан жанашырларымен бірге атап өтуде. ҚазМУ-ды 1982 жылы жур­налистика мамандығы бой­ынша тәмамдап, біраз жыл Қазақ радиосында қызмет еткен Гүлжанат Құстанованың есімі тың­дар­манға да, оқырманға да жақсы таныс. Мұғалімдерді кезекті аттестаттаудан өткізу кезінде оларға педагогикалық қыз­метін, білім-білігін кең­і-­­­ нен көр­сететін міндетті ма­қала шығару тала­бы қойылады. Журналды жа­рыққа шы­ғарудағы мақ­сат та сол, мектептерге ар­налған әдістемелік мақа­ла­лар әзірлеу, білімге байла­нысты ғалымдардың, мұ­ғалімдердің, ата-аналардың ой-пікірлерін жариялауға мүмкіндік жасау болатын. Қоғамдағы сұраныстың өзі түрткі болып дүниеге келген басылымдар он жыл бойы осы мақсат үдесінен шығып келеді. Мамандығы журналист болған­дық­тан, білім мен ұстазға арналған басылымдарды шығару Гүлжанат Құс­тановаға қиындық ту­дырмады. Психологияға байланысты журналды жарыққа шығару туралы ойын айтып, кеңес сұрап бар­ған­да, осы саладағы бі­лі­к­ті ғалым, психология ғы­лым­дарының докторы, профес­сор Құбығұл Жарық­ба­ев ағынан жарыла батасын беріп, қуана құптаған екен. Алғашқы нөмірінен бас­тап күні бүгінге дейін ай­тулы ғалым әрбір санның маз­мұнды да мағыналы болуын қадағалап, жан-жақты бағдар беруде кө­мегін аямай келеді. Еліміз­де психология ғылым ре­тінде кенже қалып, енді дами бастаса, Ресей мен Украинада тек бұл салаға бай­ланысты 200-ге тарта басылым жарық көреді. Орны ол­қы тартып тұрған осы ғы­лым­ға арнап «Мектептегі пси­хология» журналын шы­ға­ра бастағанда, оған қызығушылық танытқандар да көп болған. Осы орайда бұл басылымдар республика мектептерінде еңбек етіп жүр­ген мыңдаған психолог-пе­даг­огқа он жыл ішінде ай­тар­лықтай көмегін ти­гі­зіп, психологиялық сауат­ты­лығын арттыруда өз үлесін қосты деп сеніммен айтуға болады. Қазір бұл журналды психология мамандығы бо­йынша магистратуралық білім алып, ғылыми ізденіс­терге бой ұрып жүрген өзі­нің қызы Ақнұр Олжаева шығарып, анасының ісін жалғастыра бастады. Сол секілді, Г.Құстанова «Мектеп­те­гі мерекелер» жур­налының да басы-қасында ақын Әдібай Табылдиевтің тұрғанын мақтанышпен айтады. Мек­тептегі түрлі іс-шаралардың сценарий­лері тақырыптар бойынша дәйек­теліп, жүйелі түрде жарияланып отырады. Өздері де мектептермен байланысын ны­ғайтып, түрлі тақырыпта өтетін дөң­гелек үстелдерге, диспуттарға қаты­сып, кеш қонағы болып, ішіндегі қызық­ты­сын таңдап-талғап жариялап жүр. «Білім кілті – Ключ знаний» журналы екі тілде шығады. Соңғы уақытта ағылшын тіліндегі сабақ­тарды да жариялай бастады. Басылымды шығару ісінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрайымы Гүлнас Ахметованың қолдау-кө­ме­гіне жүгінетінін жасырмайды. Сондай-ақ, «Педагог» ат­­ты сәнді журнал да өмірін ұстаз­дыққа ар­наған, балаға білім беріп қана қоймай, тәр­биесі үшін де өзін жауап­ты санаған жанашыр жан­дар­дың ізгі қасиетін, шә­кірт жүрегіне жол тапқан ерекше мінезін, ескірмейтін-тозбайтын тәжірибесін үлгі етіп, егжей-тегжейлі көр­сетуді мақсат тұтады. Әр жобаның жемісті кезеңі болады. Жур­на­­ли­сти­ка дей­тін ой-шұқы­ры көп ерекше әлем­нің іші­­нен еңбекқорлығының арқа­сын­да білім тақырыбын бө­ліп-жарып алып шы­ғып, биз­неске айналдыра алған Гүл­­жанат әріптесіміздің сәтті ісі сүйсінуге тұрарлық. Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ