• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2016

Үздік журналистер марапатталды

349 рет
көрсетілді

Кеше Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шараға ҚХА Төр­ағасының орынбасары – Хатшы­лық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Пар­ламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкіл­­дері, бұқаралық ақпарат құрал­­­дарының басшылары, сон­дай-ақ, рес­пуб­ликалық, өңірлік және эт­нос­­­тық БАҚ, этномәдени бірлестік­тер­дің жетекшілері мен жас­тар қа­тысты. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын, Қазақстанның Тұңғыш Президенті  – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін, бейбітшілік пен келісім саясатын нығайтудағы рөлін басты тақырып етіп алған «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін Ералы Тоғжанов ашып, кіріспе сөз сөйледі. Ол бірінші кезекте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміз өрісін кеңейтіп, бірлік пен татулығын нығайтып отырғанын сөз етті. Сондай-ақ, Е.Тоғжанов халқымызды ынтымаққа үндеуде, Елбасы саясатын елге түсін­діруде және Қазақстан халқы Ассам­б­леясының жұмысына қолдау білдіру ісінде аянбай еңбек етіп жүрген журналистер қауымы қызметінің ерекше екеніне екпін берді. Бұдан кейін сөз алған Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары, ҚХА мүшесі Владимир Божко Қазақстанның 25 жыл ішіндегі барлық жетістіктері Елбасының өлшеу­сіз қызметімен тікелей байла­нысты екенін атап өтті. Соны­мен бірге ол еліміздің дамуына ақпа­рат­тық кеңістікте тер төгіп жүрген жур­налистер қызметінің маңызды­лығына назар аударды. Сонымен, 25 жылдың құрметіне өткен байқауда үздік ретінде таныл­ған еліміз бойынша 25 журналис­ке сыйлықтар тапсырылып, алғыс хаттар берілді. Олардың ара­сын­да «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, әріптесіміз Думан Анаш та бар. Ол «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған үздік мақалалар» аталымы бойынша марапатталды. Айта кетейік, байқауға 200-ден астам өтінім келіп түскен, оның ішінен республикалық кезеңге 75-і ірік­теліп алынған. Байқауға қатысу­шы­лардың жұмыстарын Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов төрағалық еткен қазылар алқасы бағалаған. Салтанатты шарада концерттік бағдарлама және «Тәуелсіздіктің 25 сәті» фотокөрмесі ұйымдастырылды. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»