• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2016

Ғалым да, шахтер де бас иетін...

942 рет
көрсетілді

Дәл осылай басталатын «Ұстазым» әнін білмейтін жан жоқ шығар. Әуезді ән – жүректің қылын қозғап, жастық дәурен, албырт кез, оқушылық шақты еске түсіріп, бойыңдағы сол бір кезеңге деген сағынышыңды оятады. Мектепті, аяулы ұстазыңды сағынасың. Балалық шақтағы достарыңды, сыныптастарыңды іздейсің, көз алдыңа киноның лентасындай өткен өмірің зыр етіп өтеді. Бүгінде шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, олардың бойына жақсы қасиеттер дарытып жүрген ұстаздар қауымы зор құрметке лайық. Мұғалімдердің еңбегін бағалау баршаның парызы. Осы орайда мемлекет тарапынан ұстаздар қауымына жасалып жатқан қамқорлықты тілге тиек етіп кеткенім жөн. Расы керек, тәуелсіздік жылдарының ішінде еліміздегі білім саласының қызметкерлері мемлекет тарапынан үлкен қолдау тауып, әлеуметтік жағынан бар көмектерге қол жеткізді. Ең бірінші кезекте жалақылары жыл сайын еселеп өсіп, беделі арта түсті. Онан қалды баспана мәселесі де шешімін тауып келеді. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығының аясында Қазақстанда мыңдаған мектептер салынып, үш ауысымды білім ошақтары азайды. Ерке есілдің етегіндегі елордамызбен бірге біздің мектебіміз күн сайын қанатын кеңге жайып, гүлденіп келеді. Осыдан тура 11 жыл бұрын ашылған №51 мектеп-гиназиясы шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беріп отыр. Айрандай ұйыған ұжымның ұрпақ тәрбиесіне қосып отырған үлесі зор. Осы жылдар ішінде білім ордасынан мыңға жуық шәкірт түлеп ұшты. Білім сапасы жағынан алдыңғы орындамыз. Сөзімнің дәлелі болсын биыл мектебімізден 4 алтын белгі иегері шықты. Өткен ҰБТ қортындысы бойынша оқушылардың орташа балдық көрсеткіші 85 пайызды көрсетті. Халықаралық және республикалық түрлі білім бәсекесінде шәкірттеріміз жүлделі орындарды алып жүр. Міне, мұның бәрі білікті ұстаздардың оқушылармен күндіз-түні жасаған жұмысының нәтижесі. Сөзімнің соңында ұстаз деген ұлағатты сөздің қадырын қашырмай, өз кәсібін сүйетін әріптестеріме алғыс айтамын. Өйткені, қазіргі білім беру жүйесінде шәкірттермен тіл табысып, оларға саналы тәлім беру үлкен жұмысты қажет етеді. Күнімхан Дүйсенова, №51 мектеп-гимназия директоры