• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
24 Қазан, 2016

«Астана» велошабандозы Кангерт «Абу-Даби» турының жеңімпазы атанды

278 рет
көрсетілді

«Астана» велошабандозы Танел Кангерт «Абу-Даби» турында жалпы есепте жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sports.kz. Жарыстың финалдық кезеңінде «Dimension Data» командасындағы британдық Марк Кэвендиш озып шықты, екінші болып «Trek-Segafredo» спортшысы итальяндық Джакомо Ниццоло келді, ал Италияның тағы бір өкілі - «Sky» велошабандозы Элия Вивьяни үшінші орынды місе тұтты. «Астананың» үздік спортшысы мәреге 11-ші болып жеткен Андреа Гуардини болды. «Астананың» өзге де шабандоздары мынадай нәтиже көрсетті:  Винченцо Нибали - 20-шы, Танел Кангерт - 23-ші, Гатис Смукулис - 56-шы, Валерио Аньоли - 92-ші, Алессандро Ванотти - 97-ші. Жалпы есеп: Танел Кангерт (Эстония, «Астана») - 12:27:24 Николас Роч (Ирландия, «Sky») - +0:21 Диего Улисси (Италия, «Lampre-Merida») - +0:43 Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - +1:00 Андреа Гуардини (Италия, «Астана») - +18:44 Гатис Смукулис (Латвия, «Астана») - +20:06 Валерио Аньоли (Италия, «Астана») - +25:19 Алессандро Ванотти (Италия, «Астана») - +26:53.