Таяуда Президент жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің және Жоғары сот кеңесінің бірлескен отырысы болып өтті.
Бірлескен отырыста Ювеналды әділет жүйесін дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруға қатысты, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеу мен ғылыми сараптау жүйесінің өзекті мәселелері қаралды. Аталған мәселелер бойынша Әділет министрлігінің ақпараты тыңдалды.
Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің және Жоғары сот кеңесінің бірлескен отырысының ұсынымдары Қазақстан Республикасындағы заңнаманы және құқық қолдану қызметін әрі қарай жетілдіруде ескерілетін болады.
«Егемен-ақпарат».