Бұрнағы күні Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Отырысқа Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқару органдарының, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының, «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының басшылары қатысты.
Комиссия мүшелері ірі инвестициялық экономикалық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін қарастырды.