• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2011

Еуропалық банк басшысымен кездесті

414 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Кәрім Мәсі­мов Еуропа қайта құру және даму банкі­нің  (ЕҚДБ) Түркия, Оң­түстік-Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша бас ди­ректоры Оливье Декамппен кездесті, деп ха­бар­­лады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы көлік, инфра­құрылым жобаларын жүзеге асыру саласындағы, қаржы және энер­ге­ти­ка салаларындағы өзара іс-қимылдар жөніндегі мәселелер талқыланды. Тараптар сол сияқты Астана қала­сында өтетін ЕҚДБ басқарушы­ларының жыл сайынғы 20-сыншы жиналысына дайындық мәселелері туралы да әңгіме қозғады.