Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашевпен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесуде 2009-2011 жылдарға арналған үшжақты келісімді жүзеге асыру, кәсіподақтардың «Еңбекпен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға және үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы үшін жұмысшы кадрларын даярлау үдерісіне қатысуы мәселелері талқыланды.
Мәжілісте қаралып жатқан Еңбек кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша пікір алмасылып, сол сияқты, азық-түлік өнімдері бағаларын тұрақтандыруды қамтамасыз ету жөнінен Үкімет пен жергілікті атқару органдары қабылдаған шаралар мен коммуналдық салада тариф белгілеу мәселелері де әңгіме арқауына айналды.