• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының өкімі

516 рет
көрсетілді

1 наурыз 2011 ж. №19-к 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық Кеңес туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженің 9-тармағына сәйкес: 1. 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық Кеңес 1-қосымшаға сай құрамда құрылсын. 2. 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі қоса беріліп отырған Қоғамдық Кеңес туралы ереже (2-қосымша) бекітілсін. 3. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Төраға Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының  2011 жылғы 01.03. № 19-к өкіміне  № 1 қосымша 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық Кеңес 1.Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, төрайым; 2. Берсебаев Болат Талапұлы - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы, орынбасары (келісім бойынша); 3. Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті (келісім бойынша); 4. Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы - «Айқын газеті» ЖШС бас редакторы (келісім бойынша); 5. Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы - «7 Арна» телеарнасының Байқаушылар кеңесінің төрайымы (келісім бойынша); 6. Күнбаев Мірболат Тоқмырзаұлы - «Бас редакторлар клубы» ҚБ вице-президенті (келісім бойынша); 7. Тараков Александр Юрьевич - «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы (келісім бойынша); 8. Қапесов Арман Өнербекұлы - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты заң бөлімінің меңгерушісі; 9. Холмецкая Евгения Григорьевна - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ішкі әкімшілік департаментінің директоры (келісім бойынша). Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының  2011 жылғы 01.03. № 19-к өкіміне  № 2 қосымша 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық Кеңес туралы ереже 1. 2011 жылғы 3 сәуірге тағайын­далған Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің кезектен тыс сайлауын­да­ғы ақпараттық дауларды қарау жө­нін­дегі Қоғамдық Кеңес (бұдан әрі – Қоғамдық Кеңес) сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру кезінде туын­дай­тын ақпараттық дауларды алқалы қа­рау үшін құрылды және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау ко­мис­сиясының жанындағы консуль­та­тив­тік-кеңесші орган болып табылады. 2. Қоғамдық Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Консти­ту­ция­сын, «Қазақстан Республика­сын­дағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, «Бұқаралық ақпарат құрал­да­ры туралы» Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Заңын, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады. 3. Қоғамдық Кеңестің негізгі міндеттері: 1) барлық сайлау процесіне қа­ты­су­шылардың бұқаралық ақпарат құ­рал­дарына (бұдан әрі – БАҚ) тең қол жет­кізуін қамтамасыз етуге және сай­лау алдындағы науқан барысын БАҚ-та объективті жария етуге жәрдемдесу; 2) БАҚ және олардың қызметкер­лері­нің сайлау процесіне қатысушы­лар­мен өзара қарым-қатынастардағы мүд­делері мен заңды құқықтарын қорғау; 3) БАҚ қызметінде этика нор­ма­ла­ры мен кәсіби принциптердің сақ­та­луына ықпал ету, сайлау процесіне қа­тысушылар мен БАҚ арасындағы дауларды және өзге де жағдайларды шешуге қатысу болып табылады. 4. Қоғамдық Кеңестің құзыретіне сайлау процесіне қатысушылардың қызметі мен олардың сайлау науқаны уақытында сайлау заңнамасын сақ­тауы туралы өтініштерді қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау кіреді. 5. Қоғамдық Кеңес өз құзы­ре­ті­нің шегінде: 1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен, ұйым­дармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға; 2) Ортсайлаукомға ақпараттық дауларды шешу жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге; 3) заңнамада белгіленген тәртіп­пен азаматтардан және қоғамдық бірлестіктерден, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан Қоғамдық Ке­ңестің міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға; 4) өз отырыстарында сайлау процесіне қатысушыларды, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, БАҚ өкілдерін сайлау туралы заңна­ма­ның талаптарын сақтауы жөнінде тыңдауға; 5) сайлау алдындағы кезеңде БАҚ-қа ұйымдастырушылық-әдісте­ме­лік, ақпараттық және өзге де кө­мек­ті көрсетуге; 6) өз қызметіне сарапшылар мен мамандарды тартуға; 7) Қоғамдық Кеңестің қызметі туралы материалдарды Ортсайлау­ком­ның ресми web-сайтында жария­лау­ға құқылы. 6. Қоғамдық Кеңес отырыстарын оның төрағасын сайлау науқаны кезе­ңінде қажеттілік шамасына қарай ша­қырады. Қоғамдық Кеңес отырыстары Қо­ғамдық Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды. Қоғамдық Кеңестің шешімдері қатысып отырған Қоғамдық Кеңес мүшелерінің жалпы санының көп­ші­лік дауысымен қабылданады және ұсы­нымдық сипатта болады. 7. Қоғамдық Кеңестің шешімдері жұртшылықтың назарына материал­дар­ды БАҚ-та жариялау немесе Орт­сайлаукомның ресми web-сайтында орналастыру арқылы жеткізіледі. Қоғамдық Кеңес төрағасы Қоғам­дық Кеңестің шешімдеріне және бас­қа да құжаттарына қол қояды, оты­рысқа енгізілетін мәселелерді айқын­дайды, өзге де ұйымдастырушылық-өкімгерлік функцияларды орын­дайды. 8. Қоғамдық Кеңес төрағасы болмаған кезеңде отырыстарда оның тапсыруы бойынша Қоғамдық Кеңес мүшелерінің біреуі төрағалық етеді. 9. Қоғамдық Кеңес қызметін ұйымдастырушылық және ақпарат­тық қамтамасыз етуді Ортсай­лау­ком­ның аппараты жүзеге асырады.