• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2011

Коммунистер де сайлауалды штабын ашты

440 рет
көрсетілді

Кеше елордада Қазақстан Коммунистік халықтық партиясынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің республикалық сайлауалды штабының ашылу рәсімі болды. Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының төрағасы Владислав Ко­саревтің тұсаукесер рәсімдегі сөзіне қарағанда, партия Орталық коми­тетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков осы жылдың 26 ақпанында Орталық сайлау комиссиясында ресми тіркеліп, Қа­зақстан Республикасының президенттігіне кандидат мәртебесін алған. Кан­дидатты қолдап қол жинау үде­рістері де ойдағыдай аяқталды. Алты күн ішінде кандидат 96 500 сай­лаушының қолын жинаған. Бүгіннен (3 наурыз) бастап партия атынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахмет­бековтің сайлауалды науқаны кең көлемдегі үгіт жұмыстарын бастады. Партия төрағасы сөз барысында партияның сайлау науқаны кезінде алға қойған негізгі мақсатымен де таныстырып өтті. Оның хабардар етуінше, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін адамдардың жағдайын заңды түрде бекітіп, жер телімдеріне ие азамат­тардың құқықтарын қайта қалпына келтіру қажет. Сонымен қатар, жекешеленіп кеткен коммуналдық қызметті халықтың қатысуымен акционерлік қоғам ретінде қайта құру керек. Владислав Косарев, сондай-ақ Коммунистік халықтық партия сайлау үдерістеріне байқаушы ретінде белсене қатысатындығына да тоқталды. Партия басшысының айтуынша, елімізде 2,7 миллионға жуық адам өзін-өзі жұ­мыспен қамтамасыз етіп келеді. Осылардың 70 пайыздан астамы түрлі деңгейде өткен сайлауларға қатысқан жоқ. Партия олардың сайлауға қатысуларына күш жұмылдыратын болады. Тұсаукесерде кандидаттың рес­публикалық сайлауалды штабының жетекшісі Дәукен Темірбаев пен президенттіктен үміткер Жамбыл Ахметбеков те сөз алып, саяси науқанға байла­нысты өз ойларымен бөлісті. Штаб жетекшісінің мәлім етуінше, канди­даттың сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізу үшін облыстық, қалалық және аудандық штабтар құрылып, жұмыс істей бастады. Жақында үгіт пойызы жа­сақталып, ел аралауға шығатын бола­ды. Оның құрамында белгілі ғалымдар, өнер қайраткерлері мен саясаткерлер бар. Ал президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбеков өзінің сайлауалды бағдарламасы БАҚ-тарда жариялана­ты­нын айта келіп, Коммунистік ха­лықтық партияның өз жақтаушы­лары­на арнаған үндеуімен таныстырды. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.