• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2016

Еліміздің мерейтойына арналады

260 рет
көрсетілді

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде Ұлттық Банк ұлттық валюта – теңгенің банкноттары мен монеталарының үздік бейнеленуіне арналған, 6-14 жас аралығындағы балалар арасында, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері арасында эссе конкурсын жариялады. Конкурс 2016 жылғы 7 қазанда бас­талып, 15 қарашада аяқталады. Оның қорытындылары ағымдағы жылғы 1 желтоқ­санға дейін шығарылады. Жеңім­паздар 2016 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмей марапатталады. Балалар суреті конкурсының мақсаты – Ұлттық Банктің қызметін, оның ішінде Банкнот фабрикасының және Қазақстан теңге сарайының қызметін танымал ету, балалардың білім деңгейін арттыру. Шығармашылық науқан екі түрлі жас санаты бойынша өткізіледі: 6-10 жас аралығы, 11-14 жас аралығы. Эссе конкурсының мақсаты – студент жастардың Ұлттық Банктің жә­не тұтастай алғанда қаржы нарығы­­ның қыз­метіне, тәуелсіз Қазақстанның та­­ри­хы­на қызығушылығын арттыру, зерттеу қызметіне қызығушылықтарын ынталандыру. Осы әдеби-қаржылық сайысқа Қазақстанның жоғары оқу орындарының барлық студенттері қатыса алады. Мынадай эссе тақырыптары ұсыны­лады: «Ұлттық валютаның Қазақ­стан Республикасы тәуелсіздігінің қалыпта­суындағы рөлі»; «Ұлттық валютадағы тұлғалар тарихы»; «Қазақстандағы индустрияландыру және экономикалық өсу»; «Қазақстанның әлемдік қаржы жүйесіне ықпалдасуы»; «Қаржы секторының Тәуелсіздік жылдарындағы дамуы және жетістіктері». Конкурстық комиссияның құрамына Ұлттық Банктің, шығармашыл зиялы қауым өкілдері кіреді. Жұмыстар мазмұны және суреттің таңдалған тақырып­қа сәйкес келуі; идеяның бірегейлігі және шығармашылық арқауы; жұмыстардың көр­кемдік деңгейі, шығармашы­лық деңгейінің автордың жасына сәй­кес келуі сияқты өлшем-шарттар бойынша бағаланады. Балалар суреті конкурсының әрбір санатында: «Банкноттың ең үздік бейнеленуі» және «Монетаның ең үздік бейнеленуі» деген екі аталым бойын­­ша үш бас жүлде беріледі. Эссе конкурсында таңдалған тақырыпқа қарамастан 1, 2 және 3-орындар көзделген. Әр топтағы және аталымдағы жеңімпаздар ақшалай және естелік жүлделермен марапатталады. Ұйымдастырушы жеңімпаздардың аттары мен фотосуреттерін, бейнежазбаларын бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және өзге де ақпараттық ресурстарда пайдалану құқығын өзіне қалдырады. Конкурстарға қатысуға арналған өтінімдер мен конкурстық жұмыстар «Сурет конкурсы», «Эссе конкурсы» белгісімен Ұлттық Банкке мына мекенжай бойынша жіберіледі: 050040, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй, Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы. Эссе конкурсына қатысуға арналған өтінімді «Эссе конкурсы» белгісімен press@nationalbank.kz электронды мекенжайына да жіберуге болады. Конкурстардың тәртібі мен талаптары олар туралы ережелерде сипатталған және Ұлттық Банктің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ Ұлттық Банктің Facebook-тегі ресми аккаутында орналастырылған. Анықтамаларға арналған телефон: +7 (727) 330-24-97, +7 (727) 2 704 585.