• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №599

241 рет
көрсетілді

2016 жылғы 21 қазан,  Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту  туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 271 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 23, 142-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында: «Қаржыландыру тетіктері мен шарттары» деген бөлімде: «1. Отандық автоөндірушілерді қолдау» деген тарауда: «Отандық өндірістің автомобильдерін деген сатып алушыларды - түпкілікті қарыз алушыларды қаржыландыру шарттары» деген кіші бөлімде: 2-тармақта: 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) жеңіл автокөліктің 1 бірлігінің құны 15 000 000 теңгеден аспайды; 2) кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;»; 5) тармақша алып тасталсын; «ЕДБ арқылы отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде негізделген қаржыландыру қаражатын мониторингтеу» деген кіші бөлімде: 2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «КДБ» АҚ ЕДБ ұсынған деректердің мынадай шарттарға сәйкес келуі тұрғысынан тексереді: автомобильдің 1 (бір) бірлігінің ең жоғары құны, сыйақы мөлшерлемесі, кредит беру мерзімі және ескертулер болмаған жағдайда, ҚР ҰБ-ға тиісті хат жібереді.»; «4. Отандық экспорттаушыларды қолдау» деген тарауда: «Отандық экспорттаушыларды қолдау шеңберінде тікелей кредит беру, негізделген және лизингтік қаржыландыру» деген кіші бөлімде: 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – «ҚДБ» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес есептелген, бірақ жылдық 12,5%-дан аспайды;». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ