• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2011

Құжат қабылдау басталады

453 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Әділет ми­нис­трлігінің Сот актілерін орындау комитеті жеке сот орындаушысы құқығымен айна­лысуға лицензия алуға құжаттарды 2011 жылдың 14 наурызынан бастап қабыл­даудың басталатындығын хабарлайды. Жеке сот орындаушысы қызметімен ай­налысу құқығына лицензия алу үшін жеке тұлғалар келесі біліктілік талаптарына сай келуі тиіс: 1) Қазақстан Республикасының азамат­ты­ғы; 2) жиырма бес жасқа жетуі; 3) жоғары заңгерлік білімінің болуы. Қазіргі уақытта, «Атқарушылық іс жүр­гізу және сот орындаушыларының мәр­те­бесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 2 сәуіріндегі Заңына сәйкес жеке сот орындаушысы құқығымен айна­лы­суға лицензия келесі тұлғаларға беріледі: 1) тұрақты судьяларға; 2) өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заң­дылықты бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақ­ты судья болып жұмыс істеген адамдарға; 3) уәкілетті органда және оның ау­мақ­тық органдарында атқарушылық іс жүр­гізу саласында кемінде бес жыл жұмыс істеген немесе істейтін адамдарға, теріс қы­лықтары бойынша босатылғандарды қос­пағанда; 4) прокуратура органдарындағы еңбек өтілі он жылдан кем емес прокурорларға қолданылмайды. Жеке сот орындаушысы лицензиясын алу үшін мынадай құжаттар ұсынылуы тиіс: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат­тың көшірмесі; 3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нота­ри­алды куәландырылған көшірмесі (СТН); 4) жекелеген қызмет түрлерімен айна­лы­су құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат (6 АЕК); 5) жоғары заңгерлік білім туралы дип­ломның нотариалды куәландырылған кө­шірмесі; 6) лицензиарға ұсынғанға дейінгі бір айдан кем емес уақытта арыз берушінің тұр­ғылықты мекен-жайы бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық дис­пансерлердің медициналық анықтамалары; 7) лицензиарға ұсынғанға дейінгі бір айдан бұрын емес уақытта арыз берушінің тұрғылықты мекенжайы бойынша берілген республиканың барлық аумағы бой­ынша мәліметтерді қамтыған соттылығы жоқ екені туралы анықтама. 1) оны лицензиарға тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын құзыретті лауа­зым­ды адам берген өтініш берушінің судья ла­уа­зымындағы жұмысын растайтын анықтама; 2) Қазақстан Республикасы Президен­тінің тұрақты судья лауазымынан босату туралы Жарлығының немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты қаулысының көшірмесі; 3) атқарушылық іс жүргізу саласында ке­мінде бес жыл, прокуратура органда­рын­да кемінде он жыл жұмыс өтілін рас­тайтын және атқарған қызметінен бо­са­тылу себебін қамтитын еңбек кітап­ша­сының немесе өзге де құжаттың нота­риалды куәландырылған көшірмесі. Егер лицензия алу үшін тұрақты жұмыс істейтін судья өтініш білдірген жағдайда, онда оның лицензиарға 11), 12) тар­мақ­шаларында көрсетілген құжаттарды ұсы­нуы талап етілмейді. Лицензия алу үшін қажетті құжаттарды өтініш беруші жеке өзі немесе азаматтық заңнамаға сәйкес ол уәкілеттік берген өкілі, не тапсырыс хатпен береді. Уәкілетті органның мекен-жайы: 010000, Астана қ., Орынбор көшесі 8, 13-кіреберіс, 8-қабат, 805-каб. Анықтама үшін телефондар: 55-25-18, 74-04-45.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру басқармасы

_______________________________________________(лицензиардың толық атауы) кімнен ________________________________________________________________ (жеке тұлғаның толық тегі, аты, (бар болған жағдайда әкесінің аты)) ӨТІНІШ Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия беруіңізді өтінемін. Жеке тұлға туралы мәліметтер: 1. Туылған күні, айы, жылы _________________________________________________ 2. Жеке басын куәландыратын құжатының деректері _____________________________ (нөмірі, кім және қашан берді) 3. Білімі __________________________________________________________________ (мамандығы, дипломының (өзге құжатының) № ),_______________________________ __________________________________________________________________________ оқу орнының атауы, бітірген жылы) __________________________________________ 4. Мекен-жайы ____________________________________________________________ 5. Жұмыс орны ____________________________________________________________ 6. Қоса ұсынылған құжаттар: ________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ __________________ _______________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, (бар болған жағдайда әкесінің аты)) «___»_____________20__ ж. Өтініштің қарастырылуға алынған күні «___»___________20__ж. __________________________________________________________________________ (лицензиялау органының жауапты тұлғасының қолы, тегі, аты, (бар болған жағдайда әкесінің аты)