• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы  №194

1019 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 12 наурыз, Астана қаласы «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (Ә.Б. Мәтішев) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Е.ДОСАЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ___________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы 13 наурыз Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы №194 бұйрығымен бекітілген «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпиде­мияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) ауруханаішілік ауру – медициналық ұйымға жүгінгеннен кейін немесе медициналық көмек алғаннан кейін, медициналық ұйымда болған уақытында немесе медициналық көмек алғаннан кейін инкубациялық кезеңде науқаста пайда болатын кез келген инфекциялық ауру, сондай-ақ медициналық ұйым қызметкерінің медициналық ұйымдағы жұмысы салдарынан болатын инфекциялық ауру; 2) ауыр жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі – АЖРИ) – пациентті дереу емдеуге жатқызуды қажет ететін және анамнезінде ауру басталғаннан бастап 7 күн ішінде кемінде бір рет байқалатын >380С жоғары температурамен немесе қызумен, жөтелмен, ентігумен немесе тыныс алудың қиындауымен сипатталатын ауру; 3) бактерия тасымалдаушылық – аурудың клиникалық көріністерсіз инфекциялық (паразиттік) аурулар қоздырғыштарының адам немесе жануар организмінде сақталуымен және қоршаған ортаға бөлінуімен сипатталатын инфекциялық процестің нысаны; 4) бактериофагтар – бактериялық жасушаны зақымдауға және оны ерітуге бейім бактерия вирустары; 5) бас тарту – туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастың медициналық құжаттамада белгіленген, дәрігер тағайындаған емдеуден бас тартуы; 6) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріндегі шектеу іс-шаралары – кабинеттік оқыту жүйесін алып тастауды, көпшілік, ойын-сауық және спорт іс-шараларын шектеуді, тұмаумен ауыратын науқастарды уақтылы оқшаулауды, бетперде режимін енгізуді, санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтуді және жеке гигиенаны сақтауды көздейтін тұмаудың және басқа да ЖРВИ-дың таралуын болдырмауға бағытталған шаралар; 7) байланыста болған адам ­– инфекция қоздырғышымен байланыста болатын және (немесе) болған адам; 8) вирустық көлік ортасы (бұдан әрі – ВКО) – клиникалық материал үлгілерінде вирустарды зертханаға дейін тасымалдау процесінде сақтауға арналған дайын сұйық орта; 9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган) - денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады; 10) дизентерия – көбінесе тоқ ішектің шырышты қабықшасын зақымдайтын шигелла (Shigella) текті микробынан туындайтын инфекциялық ауру. Клиникалық ауру улану және түйіліп ауыру синдромының болуымен сипатталады; 11) дисбактериоз – созылмалы аурулардың, антибиотиктерді ұзақ қабылдаудың нәтижесінде туындайтын ішек жұмысының ауытқуы және фермент шығару қабілетінің бұзылуы бірге жүретін ішек микрофлорасы құрамының бұзылуы; 12) демеуші кезең – әлі де сақталған микобактерия популяциясына әсер ететін және туберкулез процесінің қабыну өзгерістерінің одан әрі азаюын, сондай-ақ науқастың организмінің функционалдық мүмкіндіктерін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін терапияның жалғасу кезеңі; 13) Дьюар ыдысы – биологиялық үлгілерді сұйық азот ортасында ұзақ сақтауға және тасымалдауға арналған резервуар; 14) емделуден жалтару – өз бетімен кету, дәрігер белгілеген емдеу режимін бұзу, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасында белгіленген туберкулезге қарсы препараттарды үш және одан да көп аптаны құрайтын уақыт бойы қабылдамау; 15) жіті вирустық гепатит (А, Е, В, С, Д) – бұл ерекше маркерлері бар болғанда ұзақтығы алты айдан аз бауырдың жіті қабынуы; 16) жіті ішек инфекциялары – асқазан-ішек жолының зақымдалуымен сипатталатын патогенді және шартты патогенді бактериялардан, вирустардан болатын инфекциялық аурулар; 17) жіті респираторлық вирустық инфекция (бұдан әрі – ЖРВИ) – ауа-тамшы жолымен берілетін және тыныс алу (респираторлық) жолдарының сілемейлі қабығын зақымдаумен қоса жүретін тұмау, парагрипп, аденовирустар, респираторлық-синцитиальдық және басқа да вирустар тудыратын аурулардың жоғары контагиоздық тобы; 18) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынуларын (пневмонияларды) әдеттегі эпидемиологиялық қадағалау – халықтың жіті респираторлық тұмау тәрізді аурудың және/немесе пневмонияның клиникалық белгілерімен жүгінуі бойынша республиканың барлық аумағында тіркелген аурулар жағдайларының санын есепке алу негізінде ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылықтың және олардың асқынуларынан (пневмониялар) болған өлім-жітімнің деңгейі мен динамикасын мониторингілеу; 19) иерсиниоз – улану белгілерімен және асқазан-ішек жолдары, бауыр, буындар, кейде басқа ағзалардың зақымдануымен сипатталатын антропоноздар тобындағы жіті инфекциялық ауру; 20) инкубациялық кезең – инфекция қоздырғыштары организмге түскен сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі уақыттың бөлігі; 21) инвазиялық әдістер - адам организмнің ішкі ортасына ену жолымен жүзеге асырылатын диагностикалау мен емдеу әдістері; 22) инфекциялық немесе паразиттік аурулар ошағы – инфекция қоздырғышы науқастан сезімтал адамдарға беріле алатын шектерде оны қоршаған аумағы бар, инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқастың болатын орны; 23) индикаторлық көрсеткіштер – тұмау тәрізді аурулар (бұдан әрі – ТТА), АЖРИ және тұмауды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау (бұдан әрі – ШЭҚ) жүйесін ұйымдастырудың сапалық көрсеткіштері; 24) кең көлемді дәрілерге көнбейтін туберкулез (бұдан әрі – ККДК) – бұл штаммдары изониазид пен рифампицинге, сондай-ақ фторхинолондардың біреуіне және екінші қатардағы үш инъекциялық препараттардың біреуіне (капреомицин, канамицин немесе амикацинге) көнбейтін туберкулез микробактериясынан (бұдан әрі – ТМБ) болған туберкулез; 25) көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулез (бұдан әрі – КДК) –штаммдары изониазид пен рифампицинге төзімді ТМБ-дан туындаған туберкулез; 26) қарқынды кезең – аурудың клиникалық белгілерін жоюға және ТМБ-ның популяциясына барынша әсер етуге бағытталған терапияның бастапқы кезеңі; 27) қақырық микроскопиясының оң нәтижесімен өкпе туберкулезі (бактерия бөлуші) – ем жүргізілгенге дейін қақырық жағындысының микроскопиясы кезінде, тіпті бір рет болса да қышқылға тұрақты бактериялардың (бұдан әрі - ҚТБ) анықталуы; 28) қылаулар - аш ішектің лимфа жүйесінің жарамен зақымдалуымен, бактериемиямен, жалпы улану көріністерінің циклдық ағымымен, қоздырғыштың көбіне тағам және су жолдарымен іске асырылатын нәжіс-ауыз арқылы берілу тетігімен сипатталатын, ұзақ уақыт бактерия тасымалдаушылықты қалыптастыруға бейім сальмонелла түрінің (Salmonella paratyphi) бактериялары тудыратын бактериялық жіті инфекциялық аурулар; 29) микроскопиялық зерттеу – зерттеуге алынған жағындылардан ҚТБ-ды анықтау әдісі; 30) Манту сынамасы – ерекше диагностикалық тест, халықаралық екі туберкулин бірлігімен теріішілік туберкулин Манту сынамасы (бұдан әрі – 2 ТБ-мен Манту); 31) парентералдық механизм – инфекцияның қан құю кезінде, тері жамылғылары мен шырышты қабықшалардың бүтіндігінің бұзылуымен қоса жүретін инъекциялар және басқа да манипуляциялар кезінде, сондай-ақ анадан балаға босану жолдары арқылы өту кезінде берілуі; 32) реконвалесцент – аурудан айығу сатысындағы науқас адам; 33) ремиссия – ауру көріністерінің уақытша әлсізденуімен немесе жоғалуымен сипатталатын аурудың өту кезеңі; 34) ретроспективті эпидемиологиялық талдау – эпидемияға қарсы іс-шараларды перспективалы жоспарлауды негіздеу мақсатында алдағы ұзақ уақыт аралығындағы инфекциялық сырқаттанушылықтың деңгейін, құрылымы мен динамикасын талдау; 35) репрезентативті іріктеу – бас жиынтықтың негізгі белгілері сақталған және деректер көрсетілген белгі осы бас жиынтықта көрінетін пропорцияда немесе сондай жиілікте ұсынылатын іріктеу; 36) ротавирустық инфекция – асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен сипатталатын жіті вирустық ауру; 37) сальмонеллез – сальмонелла (Salmonella) тобына жататын қоздырғыштардың нәжіс-ауыз қуысы арқылы берілетін полиэтиологиялық жіті инфекциялық аурулардың тобы, олар белгілері білінбейтін бактерия тасымалдаушылықтан бастап, ауыр септикалық түрлеріне дейін болатын клиникалық көріністерінің көптүрлілігімен сипатталады. Көбінесе жіті гастроэнтерит түрінде өтеді; 38) санация – организмді сауықтыру бойынша мақсатты емдеу-профилактикалық іс-шараларын жүргізу; 39) сырқаттанушылықты бақылау деңгейі – алдыңғы бес жыл ішіндегі сырқаттанушылықтың орташа шамасына қарай әрбір уақыт аралығына және нақты елді мекенге тән сырқаттанушылықтың шекті деңгейі. Жалпы алғанда аумақ үшін және халықтың жекелеген тобы (жас ерекшелік, кәсіби) үшін есептеледі. Талданатын көрсеткіштердің жоғары бақылау деңгейіне жақындауы немесе одан артуы эпидемиологиялық қолайсыздықты білдіреді; 40) сүзгі – емханаларда ұйымдастырылады, оның міндеті пациенттерді емханаға кіреберісте екі негізгі топқа: инфекциялық ауруға күдігі бар адамдарға (жоғары температура, этиологиясы белгісіз бөртпе, диспепсиялық бұзылыстар және инфекциялық аурулардың басқа көріністері) және дені сау немесе әртүрлі функционалдық ауытқулары бар адамдарға сұрыптау болып табылады; 41) стационарлардағы шектеу іс-шаралары – медқызметкерлер мен пациенттердің жүріп-тұруының ерекше режимін көздейтін тұмаудың және басқа да ЖРВИ-дың таралуын болдырмауға, тұмаумен ауыратын науқастарды уақтылы оқшаулауға, бетперде режимін енгізуге, санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтуге және жеке гигиенаны сақтауға бағытталған шаралар; 42) таңертеңгілік сүзгі – мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілерінде, мектептерде, гимназияларда, лицейлерде аңқаны қарай, температураны өлшей отырып, ата-аналардан ЖРВИ және тұмаудың белгілері мен симптомдарының болуын сұрау арқылы балаларды қабылдау; 43) термоконтейнер – жылудан оқшаулау қасиеттері және тығыз жабылатын қақпағы бар үлгілерді тасуға арналған жәшік (немесе сөмке), ондағы тиімді температуралық режим (плюс 2°С-тан плюс 8°С- қа дейін) қуысына салынған мұздатылған тоңазыту элементтерінің көмегімен қамтамасыз етіледі; 44) туберкулез инфекциясының ошағы – бактерия бөлетін науқастың тұрғылықты (жеке үй, пәтер, жатақханадағы бөлме және тағыда басқалары), оқу, жұмыс, демалыс орны; 45) туберкулез – патологиялық процеске өкпеден басқа организмнің барлық органдары мен тіндері ұшырауы мүмкін, бірақ көбінесе өкпеде шоғырланатын ауру; 46) туберкулиндік диагностика – 2 ТБ-мен Манту сынамасы бойынша ерекше диагностикалық зерттеу; 47) тұмау тәрізді аурулар – ауру басталғаннан бастап 7 күн ішінде кемінде бір рет байқалатын дене қызуының 380С-тан жоғарылауымен және жөтелмен қоса жүретін жіті респираторлық вирустық ауру жағдайлары; 48) тұмауды ШЭҚ жөніндегі аймақтық вирусологиялық зертхана (аймақтық вирусологиялық зертхана) – ТТА, АЖРИ және тұмауды ШЭҚ жүйесіне қатысатын вирусологиялық зертханаларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетуді, сапаны сырттай бақылауды қамтамасыз ету мақсатында үлгілерді растауды (қайта тестілеуді) жүзеге асыратын вирусологиялық зертхана; 49) фаготип – типтік бактериофактар құрамына бірдей сезімталдықты сипаттайтын бактериялық штамдар жиынтығы; 50) флюоорографиялық, рентгенологиялық тексеру – флюорографиялық немесе рентгенологиялық аппараттармен диагностикалық зерттеу; 51) халықтың декреттелген тобы – айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыру үшін барынша қауіп төндіретін халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар; 52) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті; 53) шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау – еліміздегі тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық және вирусологиялық сипаттамаларын, тұмаудың экономикалық залалын әлемнің басқа елдерінің деректерімен салыстыруға мүмкіндік беретін, ТТА туралы ақпаратты және репрезентативті топтардағы ТТА және АЖРИ-мен ауыратын науқастардың материалы үлгілерін жүйелі жинау; 54) шолғыншы өңірлер – ТТА, АЖРИ және тұмауды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі енгізілген және жүргізілетін әкімшілік аумақтар; 55) шолғыншы орталықтар – ТТА, АЖРИ және тұмауды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі жүзеге асырылатын медициналық ұйымдар; 56) іш сүзегі – аш ішектің лимфа жүйесі зақымданып, шырышты қабықшасында жара пайда болатын, жалпы уланудың қайталануы кездесетін, қоздырғыш ауыз қуысы арқылы және нәжістен жұғатын, су, тағам және тұрмыстық жолдармен таралатын, споралық таралумен қатар ұзақ уақытқа бактерия тасымалдаушылықты қалыптастыруға бейім сальмонелла бактериясының (Salmonella Typhi) түрінен болатын бактериялы инфекциялық ауру; 57) энтералдық механизм – инфекцияның асқазан-ішек жолы арқылы берілуі; 58) эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша тексеру – белгілі бір аумақтағы, халықтың жекелеген топтары арасындағы эпидемиологиялық жағдайға негізделген инфекциялық немесе паразиттік аурулар туралы алынған ақпараттың негізінде және инфекциялық немесе паразиттік аурулардың жағдайына эпидемиологиялық тексеру жүргізу кезінде (жұқтыру тәуекелі факторларын, берілу жолдарын анықтау және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу үшін) тексеру; 59) anti-HCV – С вирустық гепатитіне антиденелер; 60) HBsAg – инфекцияның жіті немесе созылмалы түрін көрсететін беткейлік антиген. 2. Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанудың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 3. Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықты эпидемиологиялық қадағалау мынадай іс-шараларды қамтиды: 1) профилактикалық іс-шаралардың тізбесін, көлемін және жүргізу мерзімін негіздеу, ұзақ мерзімге арналған бағдарламалық-нысаналы жоспарлау мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жыл сайын жүргізетін жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықты ретроспективті эпидемиологиялық талдау; 2) басталған аурудың өршуін уақтылы анықтау, оның себептерін анықтау және эпидемияға қарсы жедел іс-шараларды жүргізу үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері ай сайын жүргізетін жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықты жедел эпидемиологиялық талдау. Ағымдағы сырқаттанушылық апталар, айлар бойынша, өсу қорытындысымен салыстырылады, осы аумаққа тән аурудың бақылау деңгейімен салыстыру жүргізіледі. 4. Ауруханаішілік ауруларды болдырмау мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламатты­лығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері медициналық ұйымдарда, балалар үйлерінде, нәрестелер үйлерінде, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінде санитариялық-эпидемияға қарсы режимнің сақталуына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізеді. 5. Ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды және күдіктілерді анықтауды ведомстволық тиістілігі мен меншік нысанына қарамастан барлық денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері амбулаториялық қабылдау, үйге бару, медициналық тексеріп-қарау, ауруханаға жатқызу және медициналық ұйымдарға басқалай бару кезінде жүргізеді. Диагноз аурудың клиникалық көріністері, зертханалық зерттеулер деректері, эпидемиологиялық анамнезі негізінде қойылады. 6. Халықтың санаттары: 1) медициналық ұйымдарға жүгінген кезде жіті ішек инфекцияларына күдікті науқастар; 2) стационарға түсу кезінде психиатриялық стационарлардың пациенттері; 3) мектеп-интернаттарға, балалар үйлері мен нәрестелер үйлеріне алуға ресімдеу кезінде балалар; 4) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлеріне алуға ресімдеу кезінде жасы ұлғайған адамдар; 5) ішек инфекциясымен ауырып айыққан реконвалесценттер ішек тобына бір рет зертханалық тексеріледі. 7. Қоздырғышты сәйкестендіру және ошақтың көлемдерін белгілеу мақсатында инфекциялық ауру қоздырғышының берілу жолдары мен болжанатын факторларын есепке ала отырып, дәрігер-эпидемиолог айқындайтын зертханалық зерттеулер жүргізіледі. 3. Эпидемиологиялық тексеруді ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 8. Эпидемиологиялық тексерулер мына ошақтарда: 1) қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы, сумен жабдықтау объектілерінің, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ тамақ өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізумен байланысты кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанған кезде; 2) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына, балалар үйлеріне, мектеп-интернаттарға баратын балалар сырқаттанған кезде; 3) психикалық-неврологиялық стационарлардың, балалар үйлерінің, нәрестелер үйлерінің, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінің қызметкерлері сырқаттанған кезде; 4) бір инкубациялық кезең ішінде бір ошақта үш және одан да көп адамның сырқаттануы жағдайы тіркелген кезде жүргізіледі. 9. Пәтерлік ошақтарды тексеру жедел эпидемиологиялық талдау нәтижелерін ескере отырып, жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың бақылау деңгейлері артқан кезде жүргізіледі. 10. Ошақтарды эпидемиологиялық тексеру кезінде зертханалық тексеру үшін тамақ өнімдерінің, судың сынамаларын, шайындыларды алу жүргізіледі. 4. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 11. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсетімдеры бойынша жүргізіледі. 12. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызудың клиникалық көрсетімдеры: 1) екі айға толмаған балалардағы аурудың барлық түрлері; 2) баланың жасына қарамастан қатты сусызданумен қоса жүретін ауру түрлері; 3) ілеспелі патологиядан асқынған ауру түрлері; 4) әртүрлі дәрежедегі сусызданумен қоса жүретін созылмалы іш өту; 5) дизентерияның созылмалы түрлері (асқынған жағдайда). 13. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызудың эпидемиологиялық көрсетімдеры: 1) науқастың тұрғылықты жері бойынша қажетті эпидемияға қарсы режимді сақтау мүмкіндігінің болмауы (әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, жатақханалар, казармалар, коммуналдық пәтерлер және тағыда басқалары); 2) медициналық ұйымдардағы, мектеп-интернаттардағы, балалар үйлеріндегі, нәрестелер үйлеріндегі, санаторийлердегі, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлеріндегі, жазғы сауықтыру мекемелеріндегі, демалыс үйлеріндегі сырқаттану жағдайлары. 14. Дизентерия және басқа да жіті диареялық инфекциялардан кейінгі реконвалесценттерді ауруханадан шығару толық клиникалық сауыққаннан кейін жүргізіледі. Дизентерия және басқа да жіті диареялық инфекциялардан кейінгі реконвалесценттерді бір реттік бактериологиялық тексеру амбулаториялық жағдайда ауруханадан шыққаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде, бірақ антибиотик терапиясын аяқтағаннан кейін екі күнтізбелік күннен соң жүргізіледі. 5. Жіті ішек инфекцияларымен ауырып айыққан адамдарды диспансерлік қадағалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 15. Жіті дизентериядан сауыққаннан кейін диспансерлік бақылауға мыналар жатады: 1) қоғамдық тамақтану, азық-түлік саудасы, тамақ өнеркәсібі объектілерінің қызметкерлері; 2) балалар үйлерінің, нәрестелер үйлерінің, мектеп-интернаттардың балалары; 3) психикалық-неврологиялық диспансерлердің, балалар үйлерінің, нәрестелер үйлерінің, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінің қызметкерлері. 16. Диспансерлік бақылау бір айдың ішінде жүргізіледі, оның соңында бір реттік бактериологиялық тексеру жүргізу міндетті. 17. Дәрігерге бару жиілігі клиникалық көрсетімдер бойынша айқындалады. 18. Диспансерлік бақылауды тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігер (немесе отбасы дәрігері) немесе инфекциялық аурулар кабинетінің дәрігері жүзеге асырады. 19. Ауру қайталанған жағдайда немесе зертханалық тексерудің қорытындысы оң болғанда, дизентериямен ауырып айыққан адамдар қайта емдеуден өтеді. Емдеу аяқталғаннан кейін бұл адамдар үш ай бойы ай сайын зертханалық тексеруден өтеді. Бактерия тасымалдаушылығы үш айдан астам жалғасып келе жатқан адамдар дизентерияның созылмалы түрімен ауыратын науқастар ретінде емделеді. 20. Халықтың декреттелген тобына жататын адамдарға мамандығы бойынша жұмыс жасауға рұқсатты сауыққаны туралы анықтаманы ұсынған сәттен бастап жұмыс беруші береді. Сауыққаны туралы анықтаманы клиникалық және бактериологиялық тексеру нәтижелерімен расталған кезде толық сауыққаннан кейін ғана емдеуші дәрігер береді. Дизентерияның созылмалы түрімен ауыратын адамдар эпидемиологиялық қауіп төндірмейтін жұмысқа ауыстырылады. 21. Дизентерияның созылмалы түрімен ауыратын адамдар бір жыл бойы диспансерлік бақылауда тұрады. Дизентерияның созылмалы түрімен ауыратын адамдарды ай сайын дәрігер-инфекционист бактериологиялық тексереді және қарайды. 6. Сальмонеллездің алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 22. Халықтың мына санаттары сальмонеллезге міндетті бактериологиялық тексерілуге жатады: 1) стационарға келіп түсетін екі жасқа толмаған балалар; 2) стационарға емдеуге жатқызылған науқас баланы күтетін ересектер; 3) емдеуге жатқызылған кезде немесе емдеуге жатқызғанға дейін оның алдында үш апта бойына ішек функциясының бұзылуы болған босанатын әйелдер, босанған әйелдер; 4) диагнозына қарамастан, стационарда болуы кезінде ішек функциясының бұзылуы пайда болған барлық науқастар; 5) сальмонеллездің ошағында инфекцияның көзі болуы мүмкін деп есептелген халықтың декреттелген топтарының ішінен тексерілуі қажет адамдар. 23. Сальмонеллез ошақтарына эпидемиологиялық тексеру халықтың декреттелген тобына жататын адамдар немесе екі жасқа дейінгі балалар науқастанған жағдайда жүргізіледі. 24. Сальмонеллезбен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсетімдеры бойынша жүргізіледі. 25. Сальмонеллезбен ауырған реконвалесценттер ауруханадан толық клиникалық сауыққаннан кейін және нәжістің бактериологиялық зерттеуі бір рет теріс болған жағдайда шығарылады. Зерттеуді емдеу аяқталғаннан кейін үш күннен ерте жүргізбейді. 26. Диспансерлік бақылауға ауырып сауыққаннан кейін тек халықтың декреттелген топтары қана алынады. 27. Сальмонеллезбен ауырып айыққан адамдарды диспансерлік бақылауды тұрғылықты жері бойынша инфекциялық аурулар кабинетінің дәрігері немесе учаскелік (отбасылық) дәрігер жүзеге асырады. Халықтың декреттелген топтарына жататын адамдарға мамандығы бойынша жұмыс жасауға рұқсатты сауыққаны туралы анықтаманы ұсынған сәттен бастап жұмыс беруші береді. 28. Халықтың декреттелген топтарына жататын реконвалесценттерге мамандығы бойынша жұмыс жасауға рұқсатты сауыққаны туралы анықтаманы ұсынған сәттен бастап жұмыс беруші береді. Емдеу аяқталғаннан кейін сальмонелла бөлуді жалғастыратын реконвалесценттерді, сондай-ақ халықтың декреттелген топтарына жататын анықталған бактерия тасымалдаушыларды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық сала­маттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері негізгі жұмысынан күнтіз­белік он бес күнге шеттетеді. Жұмыс беруші оларды эпидемиологиялық қауіп төндірмейтін жұмысқа ауыстырады. Күнтізбелік он бес күнге шеттеткен кезде нәжіс үш рет зерттеледі. Оң нәтиже қайталанған жағдайда, жұмыстан шеттету және тексеру тәртібі тағы да күнтізбелік он бес күн ішінде қайталанады. Бактерия тасымалдаушылық үш айдан астам уақыт бойы анықталса, адамдар сальмонелланың созылмалы бактерия тасымалдаушылары ретінде мамандығы бойынша жұмысынан кемінде он екі ай мерзімге шеттетіледі. Мерзім аяқталған соң, нәжіс пен өтке арасы күнтізбелік бір-екі күннен үш реттік тексеру жүргізіледі. Теріс нәтижелер алынған жағдайда адамдар негізгі жұмысына жіберіледі. Бір рет оң нәтиже алынған жағдайда бұл адамдар созылмалы бактерия тасымалдаушылар ретінде қарастырылады, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері эпидемиологиялық қауіп төндіретін жұмыстан шеттетеді. 29. Емдеу аяқталған соң сальмонелла бөлуді жалғастыратын балаларды емдеуші дәрігер күнтізбелік он бес күн бойына мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымына барудан шеттетеді, осы кезеңде нәжіске арасы бір-екі күн аралығымен үш реттік тексеру жүргізіледі. Оң нәтиже қайталанған жағдайда, шеттетудің және тексерудің осы тәртібі тағы да он бес күн ішінде қайталанады. 7. Іш сүзегі мен қылаудың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 30. Халықтың іш сүзегі және қылау ауруларымен сырқаттанушылығын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мыналарды қамтиды: 1) елді мекендердің, әсіресе халықтың сүзек, қылау инфекцияларымен сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз елді мекендердің санитариялық жағдайы туралы ақпаратты талдау; 2) халық арасында тәуекел топтарды айқындау және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру; 3) науқастардан және бактерия тасымалдаушылардан бөлінетін өсінділердің фаготиптерін айқындау; 4) бактерия тасымалдаушыларды, әсіресе тамақ кәсіпорындарының қызметкерлері мен басқа да халықтың декреттелген топтарына жататын адамдар ішінен бактерия тасымалдаушыларды анықтау және санациялау мақсатында іш сүзегімен және қылаумен ауырып сауыққан адамдарды есепке алу және диспансерлік бақылау; 5) профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жоспарлау. 31. Сүзек, қылау инфекцияларының алдын алу іс-шаралары қоздырғыштардың су, тамақ арқылы берілуін ескертетін санитариялық-гигиеналық іс-шараларды өткізуге бағытталған. Объектілердің санитариялық-техникалық жағдайына: 1) сумен жабдықтау жүйелеріне, орталықтандырылған, орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздеріне, басты су шығару құрылыстарына, су көздерін санитариялық қорғау аймақтарына; 2) тамақ өнімдерін шығару өнеркәсіптеріне, азық-түлік саудасына, қоғамдық тамақтануға; 3) кәріз жүйелеріне мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізіледі. 32. Дәрігерлік қараудан соң халықтың декреттелген топтарына жататын адамдар жұмысқа қабылданар алдында қан сарысуын тікелей гемагглютинация әсеріне қою жолымен серологиялық тексеріледі және және бір реттік бактериологиялық зерттеуден өтеді. Адамдар серологиялық және бактериологиялық тексерудің қорытындысы теріс болып, басқа қарсы көрсетілімдер болмаса жұмысқа жіберіледі. Тіке гемагглютинацияның әсері оң нәтиже берген жағдайда бір-екі күнтізбелік күн интервалмен дәретін бес рет бактериологиялық тексеру қосымша жүргізіледі. Бұл тексерудің нәтижесі теріс болған жағдайда өтке бір реттік бактериялық зерттеу жүргізіледі. Дәреті мен өтін бактериологиялық тексерудің нәтижесі теріс болған адамдар жұмысқа жіберіледі. Бактериологиялық және серологиялық зерттеудің нәтижесі оң болған адамдар бактерия тасымалдаушылар ретінде қарастырылады. Оларға ем жүргізіледі, есепке алынады, медициналық бақылау орнатылады. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері бактерия тасымалдаушыларды эпидемиялық қауіп төндіретін жұмыстан шеттетеді. 33. «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына сәйкес кәріз және тазалау құрылыстарының жұмыскерлері іш сүзегіне қарсы вакцинациялауға жатады. 34. Іш сүзегі немесе қылау ошақтарында эпидемияға қарсы мынадай іс-шаралар жүргізіледі: 1) барлық науқастарды сұрау, тексеру, қызуын өлшеу, зертханалық тексеру арқылы анықтау; 2) іш сүзегімен, қылаумен ауыратын барлық науқастарды уақтылы оқшаулау; 3) іш сүзегімен және қылаумен бұрын ауырған адамдарды, жұқтыру қаупі туындаған адамдарды, халықтың декреттелген топтарын (жұқтыру күдігі бар тағамдарды немесе суды қолданған, науқастармен араласқан) анықтау және зертханалық тексеру жүргізу; 4) халықтың декреттелген топтарына жататын бір рет ауырған адамдардың ошағында нәжісін бір рет бактерио­логиялық тексеру және қанның құрамындағы сарысуын тіке гемагглютинация әсеріне тексеру жүргізіледі. Тіке гемагглютинация әсеріне нәтижесі оң болған адамдардың зәрі мен нәжісін бес рет бактериологиялық тексеру жүргізіледі; 5) топтық ауру пайда болған жағдайда, инфекцияның болжалды көзі болып табылатын адамдарға зертханалық тексеру жүргізіледі. Зертханалық тексеру кемінде күнтізбелік екі күн сайын үш рет нәжісі мен зәрін бактериологиялық тексеруді және бір рет қан сарысуын тіке гемагглютинация әсері әдісімен тексеруді қамтиды. Тіке гемагглютинация әсеріне нәтижесі оң болған адамдар күнтізбелік екі күн сайын кемінде қосымша бес рет нәжісі мен зәрін бактериологиялық тексеруге тапсырады, ал тексерудің нәтижесі теріс болғанда бір рет өті тексеріледі; 6) іш сүзегімен немесе қылаумен ауырған науқаспен үйінде байланыста болған халықтың декреттелген топтарына жататын адамдарды науқасты ауруханаға жатқызып, үйге соңғы дезинфекция өткізіп, оның нәжісін, зәрін бір реттік бактериологиялық тексеруге және тіке гемагглютинация әсеріне теріс нәтиже алғанға дейін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері уақытша жұмыстан шеттетеді; 7) жұқтыру қаупіне ұшыраған адамдар зертханалық тексерумен қатар медициналық қадағаланады және күн сайын дәрігерге қаралады әрі соңғы науқасты оқшаулаған кезден бастап, іш сүзегі кезінде күнтізбелік жиырма бір күн және қылау кезінде күнтізбелік он төрт күн бойы дене қызуы өлшенеді; 8) іш сүзегімен және қылаумен ауыратыны анықталған науқастар мен бактерия тасымалдаушылар тез арада оқшауланып, медициналық ұйымдарға тексеруге және емдеуге жіберіледі. 35. Іш сүзегі мен қылаудың ошақтарындағы жедел профилактика эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүргізіледі. Іш сүзегі ошақтарында бар болса ішсүзектік бактериофаг, қылау кезінде көпвалентті сальмоноллездік бактериофаг беріледі. Бактериологиялық тексеруге материал алынғаннан кейін бактериофагты бірінші рет тағайындау жүргізіледі. Бактериофаг реконвалесценттерге де беріледі. 36. Іш сүзегі мен қылау ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар міндетті түрде жүргізіледі: 1) науқасты анықтаған сәттен бастап ауруханаға жатқанға дейінгі кезеңде, реконвалесценттерде ауруханадан шыққаннан кейін үш ай бойына ағымдағы дезинфекция жүргізіледі; 2) ағымдағы дезинфекцияны медициналық ұйымының медициналық қызметкері ұйымдастырады, ал оны науқасты күтуші адам, реконвалесценттің өзі немесе бактерия тасымалдаушы жүргізеді; 3) қорытынды дезинфекцияны дезинфекция станциялары немесе санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының (ұйымдарының) дезинфекциялау бөлімдері (бөлімшелері), ауылдық жерлерде – ауылдық дәрігерлік ауруханалар, амбулаториялар жүргізеді; 4) қорытынды дезинфекцияны қалалық елді мекендерде науқасты емге жатқызғаннан кейін алты сағаттан, ал ауылдық жерде – он екі сағаттан асырмай жүргізеді; 5) медициналық ұйымында іш сүзегімен немесе қылаумен ауыратын науқас анықталған жағдайда, науқас болған үй-жайларда оны оқшаулағаннан кейін аталған ұйым қызметкерлерінің күшімен қорытынды дезинфекциялау жүргізіледі. 8. Іш сүзегімен және қылаумен ауыратын науқастарды диагностикалауға, емдеуге жатқызуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 37. Іш сүзегімен және қылаумен ауыратын науқастарды, бактерия тасымалдаушыларды уақтылы анықтауды, оқшаулауды және емдеуді меншік нысанына қарамастан, барлық денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері клиникалық және зертханалық деректердің негізінде жүзеге асырады. 38. Іш сүзегін диагностикалау кезінде ең бастысы гемоөсіндінің бөлінуі болып табылады. Гемоөсіндіні бөлу үшін қан алу аурудың барлық кезеңінде жүргізіледі. Қанның бірінші себілуі антибактериялық терапия басталғанға дейін жүргізіледі. Ауруды диагностикалау үшін нәжіс өсінділерін, зәр өсінділерін, өтті зерттеу, серологиялық диагностика жүргізіледі (Видаль әсері, тіке гемагглютинация әсері). 39. Диагнозы қойылмаған, үш және одан да көп тәулік бойы қызбасы бар науқастар іш сүзегіне тексеріледі. 40. Іш сүзегімен және қылаудың А мен В түрімен ауыратын барлық науқастар инфекциялы аурулар стационарына емдеуге жатқызылады. 41. Науқастарды ауруханадан шығару нәжісі мен зәрін үш рет бактериологиялық зерттегеннен кейін дене қызуы толық күнтізбелік жиырма бір күн қалыпты болғанда жүзеге асырылады. Нәжісі мен зәрін бактериологиялық зерттеу антибиотикті тоқтатқаннан кейін күнтізбелік бес күннен кейін және содан соң күнтізбелік бес күн аралықпен жүргізіледі. Бұдан басқа, ауруханадан шығардан күнтізбелік жеті-он күн бұрын дуоденальды құрамды себу жүргізіледі. 9. Іш сүзегімен және қылаумен ауырып айыққан адамдарды диспансерлік бақылауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 42. Іш сүзегімен және қылаумен ауырып айыққан барлық науқастар стационардан шыққан соң, екі аптада бір рет дене қызуы өлшеніп, медициналық бақылауға алынады. Стационардан шыққаннан соң күнтізбелік он күннен кейін, реконваленценттерді бактерия тасымалдаушылыққа тексеру басталады, ол үшін кемінде күнтізбелік екі күн сайын нәжіс пен зәр бес рет зерттеледі. Үш ай бойы ай сайын бір рет зәр мен нәжісін бактериологиялық зерттеу жүргізіледі. Ауруханадан шыққаннан кейінгі үш ай ішіндегі бактериологиялық тексерудің нәтижесі оң болған жағдайда, қаралушы жіті тасымалдаушы болып есептеледі. Бақылаудың төртiншi айында өт пен тіке гемагглютинация әсеріне цистеинмен қа