• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2011

Еліміз саясатының салтанаты

390 рет
көрсетілді

Қазақстан өткен жылды зор табыспен аяқтағаны бел­гілі. Еліміз Еуропадағы қауіп­сіздік және ынтымақ­тастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық ету миссиясын жоғары деңгейде атқарды. 55 елдің басшыларын жинап, осы халықаралық беделді ұйымның Саммитін Астана төрінде өткізді. Енді 2011 жылды да Қа­зақстан зор мәртебемен бастап отыр. Астана мен Ал­маты қалаларында 7-ші Қыс­қы Азия ойындарын өт­кізіп, халықаралық деңгей­дегі осы бір спорттық іс-ша­раны аса жоғары ұйым­дастырушылықпен атқара білді. Осы айтулы доданың өткізілуінің өзі ғаламат оқиға. 2007 жылы VI Азиада Қытайда өткені белгілі. Сонда VII Азиаданы өткізу міндеті Қазақстанға тапсы­рыл­ған болатын. Әлемдік қаржы дағдарысы әрбір елді толғандырып отырған тұс­та Қысқы Азия ойын­дарының өтіп-өтпеуі үлкен мәселеге айналды. Сол кезде Отанымыз қандай қиын­дық болса да Азияның Олим­пиадасы саналған бұл жарысты қалайда өткізе­ті­нін мәлімдеді және Үкі­метке, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне шұғыл тапсырма берілді. Осындай бірауыздылықтың арқасында, бүкіл ел болып қолдаудың нәтижесінде жаңа спорт кешендері салынды, бұрынғы спорттық базалар күрделі жөндеуден өткізі­ліп, жарысқа 100 пайыз дай­ын болды. Сонымен қатар, спорт­шы­ларымыз да осы бәсекеге дайын екендіктерін дәлелдеп шықты. Азияның 27 елі қатысқан жарыста Қазақстан спортшылары 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медальға ие болды. Барлығын қос­қан­да 70 медаль алып, жалпы­ко­мандалық есепте бірінші орынға шықты. Міне, елімізде Азия ой­ындары жоғары деңгейде өтті. 70 рет көк байрағымыз биік тұғырға көтеріліп, 32 рет мемлекеттік Әнұра­ны­мыз шырқалды. Еліміздің әрбір азаматы ұйымшылдық танытып, Қазақстанның пат­риоты бола білді. Өсіп келе жатқан ұрпақ жарыстардан үлкен әсер алды, өздері де спортта жеңіске жету елдің мерейін көтеретін мәртебелі міндет екенін ұғынды. Жаңа онжылдыққа қадам басқан тұсымызда осындай игі шараның өткізілгені Қа­зақ­станның халықаралық беделін асыра түсті. Биылғы Жолдауда осы жолы салынған спорт кешендерінде жас жет­кіншек­тер­дің дене тәрбиесімен ай­налысуы тиіс екені айтыл­ған болатын. Алдағы уақыт­та Үкімет пен әкімдер тара­пы­нан болашақ спортшы­лары­мыздың жетілуіне баса көңіл бөлінсе екен деймін. Еліміздің өзге қалаларында да табиғи ерекшеліктерді ескере отырып, спорт кешендерін салу ісі жан-жақты қолға алынуы керек деп ойлаймын. Ирак ЕЛЕКЕЕВ, Парламент  Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.