• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2011

Сарапшылар кездесуі

331 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қа­зақстан Республикасы заңының жобасын талқылау» тақырыбында ха­лықаралық сарапшылардың қатысуымен кездесу болып өтті. Мәжілістің Заңнама және сот-құ­қықтық реформа комитеті ұйымдас­тыр­ған сарапшылық кездесуге Парламент депутаттары, мемлекеттік орган­дардың, халық­аралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қазақ­стан­ның, Молдова мен Лат­вияның және Австрияның ғалым­дары мен са­рапшылары қатысты. 2008 жылы Қазақстан «Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы конвен­ция­сын» және «Біріккен Ұлттар Ұйы­мының Транс­ұлт­тық ұйым­дас­қан қылмысқа қарсы кон­венциясын» ратификациялауына бай­ланысты, біздің еліміз заңды тұл­ға­ларға қылмыстық, азамат­тық-құ­қық­­тық және әкімшілік жауапкершілік белгілеу, сондай-ақ отандық заңна­ма­ны халық­аралық стандарттарға сәй­кес­­тен­­діру жөнінде міндеттеме алған-тын. Сонымен қатар, заңды тұл­ға­ларға қылмыстық жауаптылықты енгізу Қазақстан Республикасы Президенті­нің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республи­касының 2010 жылдан 2020 жыл­ға дейінгі кезеңге арналған Құ­қықтық саясат тұжырымдама­сы­мен көз­делген, ол мемлекеттің нор­ма­тив­тік-құқықтық актілері­нің жобаларын әзірлеу үшін ұзақ мерзімді перспек­тиваға негіз болып табылады. «Қазақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне заң­ды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізу мәселесі бойынша өзге­рістер мен толық­тырулар енгізу тура­лы» заңның жобасы заңды тұлға және оның құрылтайшыларының мүд­деле­рі­не компаниялардың бас­шы­лары мен менеджерлері тарапынан қыл­мыстар­ды жасауды тежеу және алдын алу мақсатында әзір­ленген. Заңды тұлғалардың қылмыс­тық жауап­тылығын тек бірқатар эконо­ми­калық (14 қылмыс құ­рамы), эколо­гия­лық (12 қылмыс құрамы), сыбай­лас жемқорлық (1 қылмыс құрамы) және террористік (4 қылмыс құрамы) қыл­мыстар үшін белгілеу ұсынылуда. Бұл жағдайда қылмыстық жауап­ты­лыққа заңды тұлғаның пай­дасына немесе соның мүдде­сіне қатысты әре­­кет еткен және тікелей қылмыс жа­са­ған жеке тұлға да, тиісінше заң­ды тұлға да тартылады. Заңды тұлға­ларға мына жазалар қолданылады деп кү­тілу­де: айыппұл, белгілі бір қызмет­пен айналысу құқығынан айыру немесе заңды тұлғаны тарату. Осы басқосудың мақсаты заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылық­қа тарту туралы шет ел заңнамасының тә­жірибеде қол­данылуын шет елдің қол­да­ныстағы заңдарын берілген заң жо­ба­сында көзделген нормалармен са­лыс­тырмалы талдау арқы­лы зерттеу болды. Мәжілістің Заңнама және сот-құ­қықтық реформа комитетінің төраға­сы Рахмет Мұқашев кіріспе сөз сөй­леп, қылмыстық жауапкершілікті күшейтудегі заңдарды зерделеуде осы шараның маңыз­дылығына тоқталды. Австрияның Грац универси­тетінің қылмыстық құқық про­фессоры Ричард Сойердің заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң­на­ма­ны қол­дану тәжірибесі туралы баяндамасы тыңдалды. Келесі кезекте Латвия Рес­пуб­ликасының мемлекеттік кіріс қыз­меті­нің қаржы полициясы ди­рек­торының орынбасары, тергеу бөлімінің басшы­сы Любовь Швецова, Латвия Респуб­ли­касы Бас прокуратурасының ұйым­дас­қан қылмыстар және басқа да ма­ман­дандырылған салалар бойынша бас прокурорының орынбасары Элга Йоникане күн тәртібіндегі мәселе бой­ынша өз ойларын ор­таға салды және өз елдеріндегі тәжірибелермен бөлісті. Сонымен қатар, Молдова Рес­пуб­ли­касының Жемқорлықпен және эко­номикалық қылмыстар­мен күрес орта­лығының заңнама және жем­қор­лық­қа қарсы сараптама басқарма­сы­ның бас инспек­торы Купча Валерий, Молдова Рес­публикасының сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес прокура­тура­сының сыбайлас жемқорлық­пен күрес бөлімінің III санаттағы заңгері Касир Александр сөз сөйледі. Мәжіліс депу­тат­тары­ның сұрақтарына жауап берді. Дөңгелек үстелде Мәжіліс депу­тат­тары Светлана Бычкова, Айгүл Соловьева, Елубай Оразалинов, Серік Темірболатов, Людмила Хочиева, Рамазан Сәрпе­ков, Ольга Киколенко, Виктор Рогалев, Бауыржан Смайылов, Ирак Елекеев шетелдік сарапшыларға сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Осы кездесуді жүргізген Заң­нама және сот-құқықтық реформа коми­те­ті­­нің мүшесі, депутат Николай Турецкий қорытынды сөз сөйлеп, мұнд­ай басқосулар­дың заң шығару қызме­тін­де өте пайдалы екенін атап көрсетті. «Егемен-ақпарат».