• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2016

Футболшы финт жасағаны үшін сары қағаз алды

324 рет
көрсетілді

ОАР кубок лигасында "Платинум Старс" және "Бароки" командаларының арасында өткен ойында қызықты жәйт орын алды, - деп хабарлайды egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. "Бароки" жартылай қорғаушысы Сифо Мути финт үшін сары қағаз алды. Футболшы екі тізесін допқа қойып, би билей бастады. Кездесудің төрешісіне ойыншының бұл қылығы ұнамаған болуы керек, ол сол мезетте футболшыға сары қағаз көрсетті. Оңтүстікафрикалық бұрынғы арбитр Асе Н’Кобо ойында Мутиді жазалаған төрешінің шешімімен келіспейді. "Ойыншы өзін көрермендер алдында көрсеткісі келеді. Бұл көңіл көтеру, осындай қызықтарды көру ұшін адамдар ақша төлейді", - деді Н’Кобо.