• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2016

Үздік әлеуметтік жобалар анықталды

350 рет
көрсетілді

Бүгін Шымкентте «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» көрме аясындағы байқау жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды egemen.kz ОҚО облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Парламент депутаттары мен мемлекеттік органдардың,  қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Тамара Дүйсенова Қазақстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың көмегімен өмірдің қиындықтарына тап болған 250 мыңнан астам азаматқа қолдау көрсетілгенін атап айтты. Ал Жансейіт Қансейітұлы еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың 17 %-дық үлесі Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі екенін  жеткізді. Биылғы жылы аймақтық комиссия 178 өтінішті қарастырып, 32 әлеуметтік жоба іріктеу кезеңінің жеңімпаздары атанды. Жүлделі орын алған жобалар: 1-орын. «Онлайн сурдоаударма қызметі» жобасы 2-орын. «Көкшетау қаласында және Красный Яр ауылында тұратын, қозғалыста қиыншылық көретін 1 топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға үйде паллиативті көмек көрсету орталығын ұйымдастыру» жобасы 3-орын. «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» әлеуметтік жобасы.