• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
28 Қазан, 2016

ЭКСПО-2017 көрмесіне 30 стартап-компания таңдалды

316 рет
көрсетілді

NewEnergy энергетика саласындағы дүниежүзілік стартап байқауының жеңімпаздары марапатталды. Сондай-ақ ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде таныстырылатын баламалы энергетика және «жасыл» экономика саласындағы 30 үздік стартап-компанияны таңдалды. Бұл туралы egemen.kz Премьер-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Таңдалған жобалардың көбісі Израильге тиесілі. ЭКСПО-2017-де энергетика саласындағы өз әзірлемелерін Eco Wave Power, Farm Dog, GreenQ, HomeBiogas, Tevva Motors Ltd, Unleash the light компаниялары ұсынады. Жеңімпаздардың қатарына жоғары технологиялық энергия шоғырландырушы жүйелерді шығаратын қазақстандық Primus Power компаниясы да кірді. Сонымен қатар, жеңімпаздардың қатарында Ұлыбританияның (Kelda Technology, DAJIE), Үндістанның (Promethean Energy Pvt. Ltd., REConnect Energy Solutions Pvt. Ltd.), АҚШ-тың (Volta, Inficold Inc.), Австралияның (Lightwork), Германияның (Breeze), Испанияның (ezzingSolar), Нидерландының (Sympower), Польшаның (Lerta), Ресейдің (WiseSoil), Украинаның (Ecoisme) және өзге де елдердің компаниялары бар. Олардың жалпы саны 20-дан асады. Бұдан өзге, Қазақстанның (Smart Slip, Primus Power), Израильдің, АҚШ пен Ресейдің алты компаниясы инвесторлардың қаржылық қолдауына ие болды. Соның ішінде өз стартапын дамыту үшін бизнес-менеджмент курсынан өтуге сертификат табысталды. Еске сала кетейік, кеше Астанада Қазақстанның Энергетика министрлігінің ұйымдастыруымен энергетика саласындағы NewEnergy стартап байқауы өтті. Оған 37 елден баламалы және жаңғыртпалы энергетика, «жасыл» экономика және smart-технологиялар саласындағы өздерінің бірегей жобаларын ұсынған 100 стартап-компания қатысты.