• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
28 Қазан, 2016

Өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі

1575 рет
көрсетілді

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға әзірлік жұмыстары аясында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кезекті отырыс өткізді. Жиынға Алматы қалалық әкімдігінің, «Алматы қаласының халықаралық спорттық жобалар дирекциясы» мемлекеттік қорының өкілдері, «Қазавиақұтқару» АҚ, өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының қызметкерлері қатысты. Басқосу барысында Уни­вер­сиада қарсаңында жұмыл­дырылатын күштер мен құрал­дардың әзірлігі жөнінде есептер берілді. Департамент қызмет­керлері «Алматы Арена» және «Халық Арена» нысандарында жобалау және құрылыс-құрас­тыру жұмыстарын жүргізу кезін­де өрт қауіпсіздігінің нормалары мен қағидаларын сақтауды қамтамасыз етуге әдістемелік көмек көрсету шараларын тағы бір пысықтап шықты. Осыған дейін Универсиада нысандарына 4 рет өрт-техникалық тексеруі жүргізілген. Бүгінде салтанатты марш пен Универсиада алауын жағу тұжы­­рымдамасы әзірленіп жатқан­дық­тан, департамент пен «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қор­ғаныс ғылыми-зерттеу институты» АҚ қызметкерлері бірлесіп, жылу ағынын барынша таратуға және алауды жағу кезінде өрт қауіпсіздігін күшейтуге бағыт­талған іс-шараларды жүргізуде. Қыркүйек айында «Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универ­сиа­даға дайындалу және өткізу жө­ніндегі дирекция» МҚ қауіпсіздік депар­таментінің ұсынысы жө­нін­дегі департамент пен ҰҚК қыз­меткерлері бірлесіп, Уни­вер­сиа­да нысандарының ке­зек­­шілігіне тартылған ерік­тілерге өрт қауіпсіздігі шаралары мен тер­рористік қауіп туралы нұсқама жүр­гізген. Ойындарды өткізу кезінде Алматы қаласы мен облысында тө­тенше жағдайлар комитетінің жеке құрамынан 457 адам, қала­лық құтқару қызметінен 30 адам, 68 техника бірлігі мен 4 тікұшақ жұмылдырылады. Оған қоса, департаментте Универсиада қар­са­ңында біліктілікті арттыру курс­тары шең­берінде қызмет­кер­лерді ағыл­шын тіліне оқыту жү­ріп жатыр. Меліс СЕЙДАХМЕТОВ   АЛМАТЫ