• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2011

Мереке қарсаңындағы марапат

387 рет
көрсетілді

Қазақстан халқының санын жиырма миллионға жеткізу міндеті Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдаулар да өзекті мәселе ретінде айтылып келеді. Соған орай мемлекет тарапынан көп балалы аналарға деген құрмет пен қамқорлық арта түсуде. Соның бір айғағындай, 8 наурыз – көктем мерекесі қарсаңында қалалық әкімдікте 200-ден астам алтын және күміс алқа иелеріне құрмет көрсетіліп, оларға тиісті сый-сияпат салтанатты жағдайда табыс етілді. Соның бірі он бала сүйген, 26 немере мен алты шөбере тәрбиелеп  отырған Нұржиян Тілеубаева деген ардақты ана мемлекет қамқорлығына ризашылығын білдіре келіп, еліміз тыныш болсын деп ақ тілегін айтқан. Ардақты ана тілегі қашанда қабыл болғай! Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Семей.