• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
28 Қазан, 2016

Қанат Ислам: Әуселеңді рингте байқармын

238 рет
көрсетілді

Бүгін Алматыдағы «Mega park» ойын-сауық орталығында қазақстандық Қанат Ислам мен оның қарсыласы ганалық Патрик Аллотейдің, сондай-ақ, ертеңгі кәсіпқой бокс кеші аясында қолғап түйістіретін өзге де боксшылардың салмақ өлшеу рәсімі өтті. Шараның басты себепкерлері Қанат Ислам мен Патрик Аллотей 68 келі салмақ дәрежесін көрсетті. Артынша боксшылардың көз түйістіруінде ганалық спортшы қызуқандылық танытып, Қанатты кеудесінен итеріп жіберді. Байсалды Қанат салмақтылығынан танбай, әуселеңді шаршы алаңда байқармын дегендей сыңай білдірді. Боксшылардың кездесу алды салмақ өлшеу рәсімінде қазақстандық былғары қолғап шеберлері Жәнібек Әлімханұлы, Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шәрібаев, Жұман Жұмабековтардың қарсыластары белгілі болды. Ескерте кетейік, Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегі ертең, яғни 29 қазанда Алматыда «Алматы арена» спорт кешенінде өтеді. Қанат Ислам өзінің «WBA fedelatin» чемпиондық белбеуін қорғап, жартылай орта салмақта «WBO intercontinental» тұжырымының чемпиондық белбеуі мен «UBC» тұжырымының әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.