• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2011

Ала доп аламаны

690 рет
көрсетілді

Ертең елі­­міздің бір­не­ше қа­ла­­сын­да футболдан Қазақстанның ХХ чемпионаты жа­лауын көтереді. Биылғы мау­сымға «Тобыл», «Ақ­төбе», «Қай­рат», «Локомотив», «Ертіс», «Шах­­тер», «Атырау», «Жетісу», «Тараз», «Ордабасы» мен бірінші ли­гадан келген «Восток» пен «Қай­сар» клубтары қатысып, жыл со­ңына дейін мыңнан тұлпар, жүз­ден жүйрік шыққан ко­ман­даны анық­тайды. Олар өткен жыл­ғы ереже бойынша әр қай­сы­сы 32 кездесуден өткізіп, чемпио­нат­тың ортасына келгенде үздік өнер көрсеткен командалар 1-6, басқалары 7-12 орын үшін күш сы­насады. Сөйтіп, ал­тылыққа ілік­кен командалар УЕФА-ның чем­пиондар лигасы, Еуропа ли­гасы сияқты жарыстарының іріктеу сындарына жолдама алса, 11-12 орынды иеленген командалар бірінші лигада алғашқы екі орын­ды алған командалармен орын алмастыратын болады. Жалпы, жанкүйерлер арасын­да биылғы чемпионаттың өткен жылғы маусымға қарағанда қы­зықты және тартысты өтеді деушілер көп. Өйткені, коман­да­лар­дың бәрі былтырдан бері  жылы жақтарда оқу-жаттығу жиын­да­рын өткізіп, тәжірибелі ойын­шы­лар мен шет елдік легионерлермен толығып, жаңа маусымға жақ­сы дайындықпен келіп отыр. Де­генмен, елшілік жарысқа жақ­сы дайындықпен келсе де, қай ко­манданың биыл чемпион атана­ты­нын айту қиын. Қазір клуб­тарға жергілікті бюджет пен де­меушілердің көмегімен қыруар қар­жы бөлініп, олардың лайықты өнер көрсетулеріне бар жағдай жасалуда. Мәселен, Алматының «Қайрат» командасына әкімдік 700 млн. теңге көлемінде қаржы бөлсе, оның демеушісі «Қаз­РосГаз» компаниясының клубқа көрсетіп жатқан көмегі қаншама. Алматылықтар осындай қолдау­дың арқасында өткен жылдан бері Қара теңізді жағалап, осы кезге дейін 14 кездесу өткізді. Соның бесеуінде жеңіске жетсе, 6 ой­ын­да тең ойнап, 3 кездесуде ұтылды. Солай десек те биылғы маусымда чемпиондық атаққа «Тобыл», «Ақ­­төбе» мен «Локомотив» ко­ман­даларының таласу мүмкіндігі көп. Ал «Ертіс» пен «Шахтер» клубтары тағы да алтылықтан орын алуға күш салатыны сөзсіз. Сондай-ақ, «Қайрат», «Жетісу», «Ор­дабасы» командалары алты­лық­қа кіруге үмітті. Биылғы мау­сымның жұмбақ командасы ретінде «Қайсар» мен «Восток» ко­ман­даларын айтуға болады. Өт­кен жы­лы бірінші лигада өнер көр­сеткен бұл екі команда қазір құ­рамын мықтап жасақтап алаған­нан кейін Премьер-лигада лайық­ты бәсекелес болу үшін тас-түйін дайын тұр. Тағы бір атап өтетін нәрсе, осы жылғы чемпионатқа командалар шет ел легионерлерін көптеп шақырып отыр. Мұндай жағдай Қазақстан чемпионаты өткізіле бастаған кезден бері әлі болған емес. Тіпті, легионер­лер­дің өзі Оңтүстік Америка, Испания, Африканың бірнеше елдерінен келуде. Мысалы, «Ақтөбеде» Тринидад және Тобагодан келген Роберт Праймус, испаниялық Хуан Хосе Безарес, камерундық Мак Мбоне Алан Элвис Боно, сене­гал­дық Малик Мане, Тити Эс­сом­ба ойнаса, «Ордабасыда» бра­зилия­лық Вагнер Кошта Перейро, угандалық Эндри Мвесинге өнер көрсетеді. Ал басқа командаларға келген легионерлердің көбі ТМД және Еуропа елдерінен жиналған футболшылар. Олардың ішінде «Жетісуде» өзбекстандық Ұлық­­бек Бақаев, сербиялық Милош Ми­хайлов, Иван Цветкович, сло­ве­ниялық Дарко Кременович, лит­­валық Арунас Климавичус, «Қай­ратта» серб Марко Джорджевич, беларус Павел Кирильчук, бол­га­риялық Деян Христов, ресейлік Сергей Струков пен Владимир Байрамов ойнаса, «Шах­тер­дың» қатарына бос­ния­лық Алдин Джидич, Никола Ва­силевич, беларус Андрей Порываев, лит­валық Гидиминас Вичюс, серб Ми­ланко Рашкович қосылып отыр. Сонымен бірге шымкенттік ко­мандаға  украи­на­лық Артем Касьянов пен серб Иван Перич келсе, қазіргі чемпион Қос­танайдың «Тобыл» клу­бы­на екі босниялық азамат Самир Бекрич пен Александр Са­лучиш өнер көр­­сетуге ниет біл­дірген екен. 2 наурыз кү­ні Қазақстан чем­­­пио­наты бас­­­та­лар ал­дын­да Астанада «Ло­­комотив» пен «То­был» ко­ман­­­да­ла­­ры­ның ел супер ку­бо­гын са­рапқа сал­ғанын білеміз. Осы кездесуде 2:1 есебімен қар­­сы­лас­­­тар­ды жең­­ген ас­­тана­лық аяқ­­­доп­шылар Қа­­зақ­стан­ның супер кубогына ие бол­ды. Ай­та­йын дегеніміз, өт­кен мау­­­­­сымда қос­­та­най­­лық ко­манда са­пын­да чем­­пи­он атан­ған Нұрбол Жұ­мас­қа­лиев «Ло­­­ко­мо­тив­ке» ау­ыс­қаны­мен, «То­был» құ­рамын­да оның ор­нын жоқ­тат­пайтын бірнеше жас  қан­дастары­мыз­дың бар екенін және олардың жасыл алаңда қарсылас­тарымен иық те­ңестіріп бәсеке­лесе алаты­нын  бай­қадық. Би­ыл­ғы біріншілікке қатысатын бар­лық 12 ко­манданың ішінде осындай фут­бол­шылар баршы­лық. Дегенмен, Қа­зақстан чем­пио­натына жыл­дағыдай 12 команда емес, кемінде 14 клуб қа­тысатын болса, ұлттық құра­маға іріктелетін қаракөз ой­ын­шыла­ры­мыз­дың саны бұдан да көбейе­тін еді дегіміз келеді. Дастан КЕНЖАЛИН. Суретте: «Локомотив» (Астана) – суперкубок иегері.