Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Әбу-Дабиде өткен «Grand Slam» халықаралық турнирінде 48 келіге дейінгі салмақта бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ол алдымен франциялық Коршер Сефораны жеңіп, жартылай финалда Испания спортшысы Юлия Фигуероны тізе бүктірді. Финалда Галбадрах сербиялық Милиса Николиудан басым түсті.