• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2016

Гаитиде дауылдан болған шығын 2 млрд долларға жуықтады

363 рет
көрсетілді

Гаити Республикасының билігі «Мэтью» дауылының экономикаға келтірген шығыны 1 млрд 89 млн долларға жетіп, елдегі жалпы ішкі өнімнің бестен бір бөлігін құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды egemen.kz Комсомольская правдаға сілтеме жасап. Шығындарды есептеуге Дүниежүзілік банктің мамандары тартылған. Дауыл елдегі егіннің 80 пайызын жойып жіберген. Мамандар ауыл шаруашылығына келтірілген шығынды 600 млн долларға бағалап отыр. Бұдан бөлек, Гаити билігінің алдында апат салдарынан баспанасыз қалған 175 мың адамды қоныстандыру мәселесі өткір тұр. Еске сала кетейік, қазан айының басында Гаити аумағымен «Мэттью» дауылы жүріп өтті. Дауыл салдарынан шамамен 500 адам қаза тапты.