• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2016

Ақмола облысының жәрмеңкесіне халық көп жиналды (фото)

575 рет
көрсетілді

Астанада Ақмола облысы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Жәрмеңкеде азық-түлік бағасы базардағыдан айтарлықтай арзан, деп хабарлайды «Егемен Қазақстан» тілшісі. Мәселен, қой еті – 950, сиыр еті – 1000, жылқы еті – 1 100, балықтың килосы 400 теңгеден сатылып жатыр. Картоп – 45, капуста – 55, сәбіз бен қызылша – 60 теңгеден. Сондай-ақ, жәрмеңкедегі өсімдік майы, ұн мен ұн тағамдары, сүт пен сүт өнімдері, кондитерлік тағамдар біршама арзан әрі таңдау мүмкіндігі жоғары деуге болады. Сауда шатырларының шетіндегі сахнада ақмолалық  КВН топтары, әншілер мен бишілер өнер көрсетуде. Асық ойыны, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойынның көрігін қыздырып жатқандар да көп. «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алдындағы алаңда жәрмеңке екі күнге созылатынын айта кетейік. Осылайша, «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясының аясындағы облыстардың ауылшаруашылық жәрмеңкесін Ақмола облысы қорытындылап отыр. Арнұр АСҚАР Фото: Ерлан ОМАРОВ