• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2011

Жаңа бапкер жаттықтырады

394 рет
көрсетілді

Қызылорданың «Қайсары» қайра­ты­на мінгендей. Премьер-лигадан сырт қал­ған бір жыл Сыр бойының ко­ман­дасына жаңа қуат пен күш сый­лаған сияқты. Бірнеше жыл бұрын үз­дік төрт­тіктің қатарында болған клубқа төменгі лигада ойнаудың оңай емес екені де анық. Сондықтан болса керек, «Қайсар» биылғы футбол маусымына тас-түйін дайындықпен келе жатыр. Алғашқы қадам бапкер тағайын­дау­дан басталды. Бұған дейін жанкүйер­лер ара­сында, «Қайсарды» украиналық бапкер Виктор Камарзаев жат­тық­ты­ратын болып­ты» деген әңгіме шыққан. Дегенмен ақпарат расталмады. Бәлкім, Камарзаев Ақ­мешіттің аптап ыстығына келгісі келмеген шығар. Есесіне Қы­зылордаға Литвадан бапкер келетін бол­ды. Есімі – Альгимантос Любанскас. Альгимантос бір кездері ай­дарынан жел ескен футболшы болған. Литваның «Жальгирис» команда­сының белді ойыншыла­ры­ның бірі еді. Жетпісінші жылдар  оны нағыз фут­болшы ре­тінде танытты. Ал сек­­сенінші жыл­дардың басында ол бапкерлікке бой ұрды. Алдымен өзі намы­сын жыртқан «Жальгирис» командасын жат­тық­тыр­ды. Содан соң Бангладештің «Аба­ха­ма­сын» қолына алды. Тоқсанын­шы жыл­дардың басында Лит­ваның ұлт­тық құрамасының тізгінін ұс­тады. Ұлт­тық құ­раманы ол 1995 жылға дейін бап­тады. Ал 2003 жылы Латфия футбол фе­де­рациясының басшылары Лю­банс­кас­ты құраманы жаттықтыруға қай­та ша­қырды. Содан бес жыл бойына ол Литва құ­рамасын алға сүйреді. – А.Любанскас өз қызметінде жақ­сы көрсеткіштермен көзге түскен. Литва құ­рамасының қазіргі күндері Еуропа тө­рін­де талай азулы құрамамен терезесі тең ойнап жүргенін білеміз. Ендеше, ол «Қай­сарды» да өрге сүйрейді деп ой­лай­мыз,– дейді «Қайсар» футбол клубы ди­рек­торының орынбасары Марат Әлі­бе­ков. Бастама жаман емес. Енді қы­зыл­орда­лық «Қайсардан» жан­күйерлер тек жеңіс кү­теді. Ержан БАЙТІЛЕС. Қызылорда облысы.