Қазақстан қара алтын өндірісін шектеу мәселесін қарастыруға әзірге дайын емес.
Бұл туралы ҚР Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды egemen.kz REGNUM-ға сілтеме жасап.
«Әзірге бұған келісуге дайын емеспіз, - деді Мырзағалиев. - Біз үшін отырысқа қатысу, пікір алмасу, ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдердің бұған қатысты көзғарасын білу маңызды болды».
29 қазанда Әзербайжан Энергетика министрлігінің басшысы Натик Алиев БАҚ қызметкерлеріне мұнай өндірісін шектеу бойынша ОПЕК-тің арнайы комитетінің келесі отырысы осы жылдың 25-26 қарашасында өтетінін хабарлаған болатын.
28-29 қазан күндері Венада мұнай өндірісін тәулігіне 32,5-33 млн баррельге деңгейін шектеу туралы келісімді жүзеге асыру бойынша ОПЕК арнайы комитетінің бірінші отырысы өтті.