Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшылары Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының түрлі қырларын, сондай-ақ ТМД құрылуының 20 жылдығына арналған мерейтойлық саммитін өткізу мәселелерін талқылады.