Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) атқарушы директорының орынбасары Ричард Джонсты қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы мен ХЭА арасындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасу барысында әлемдік энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің еліміздің маңызды рөлі атап өтілді.
Төраға энергетика саласын дамытуды заңнамалық тұрғыда қолдау туралы Р.Джонсты хабардар етіп, энергетикалық секторды нормативтік-құқықтық реттеудегі еуропалық тәжірибені зерделеудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында жүздесушілер Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдайды да талқылады.